18.05.2015, 12:31 6290

Ақмола облысында ауылдық округтер әкімдерініӊ қызметін автоматтандыру бойынша бағдарлама пилоттық режімде іске қосылды

Ағымдағы жылғы 16 мамырда ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі Светлана Жақыпованыӊ Ақмола облысына жұмыс сапары аясында Аршалы ауданында ауылдық округтер әкімдерініӊ қызметін автоматтандыру бойынша бағдарлама пилоттық режімде іске қосылды

Астана. 18 Мамыр. Kazakhstan Today - Ағымдағы жылғы 16 мамырда ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі Светлана Жақыпованыӊ Ақмола облысына жұмыс сапары аясында Аршалы ауданында ауылдық округтер әкімдерініӊ қызметін автоматтандыру бойынша бағдарлама пилоттық режімде іске қосылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Бағдарламаныӊ басты мақсаты - ауылдық округтерде тұратын жұмыссыздарды, аз қамтылған азаматтар мен жалдамалы жұмыскерлерді есепке алу.

Бағдарлама арқылы:

- ауылдық октугтердегі жұмыссыздарды, өзін-өзі жұмыспен қамтығандарды, аз қамтылған азаматтарды, жалдамалы жұмыскерлерді есепке алуды жүйелендіру;
- еӊбек ресурстарыныӊ теӊгерімін құру;
- тұрғындардыӊ мақсатты топтарын жұмыспен қамтуда қолдау шараларын анықтау;
- ішкі еӊбек көші-қонын анықтау;
- өзін-өзі өнімсіз жұмыспен қамтыған азаматтарды нысандау;
- жеке қосалқы шарушылығыныӊ бар-жоқтығы туралы мәліметтерді жүйелендіру сияқты міндеттер шемімін табады.

Бұл бағдарлама әрбір мақсатты топ бойынша жұмыспен қамтуда нақты іс-шаралар қабылдауға мүмкіндік береді.

Ақмола облысыныӊ Аршалы ауданында бағдарлама пилоттық режімде сынақтан өткен соӊ оны республиканыӊ барлық өӊірлерінде енгізу мәселесі қарастырылады.

ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігініӊ баспасөз қызметі

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны