31.03.2014, 19:31 5996

Ақмола облысында Дене шынықтыру кешенінің құрылысы аяқталды

Құрылыс нысанына республикалық бюджеттен 229,441 млн теңге бөлінді, деп облыстың ішкі саясат басқармасы хабарлады.

Алматы. 31 наурыз. Kazakhstan today. Ақмола облысының Атбасар қаласында 1973,7 м? "Олимп" Дене шынықтыру кешенінің құрылысы аяқталды, ол сапалы қондырғылармен жабдықталған.

Құрылыс нысанына республикалық бюджеттен 229,441 млн теңге бөлінді, деп облыстың ішкі саясат басқармасы хабарлады.

"Олимп" кешенді спорт залы футбол, волейбол, баскетбол, жеңіл атлетика, көркем гимнастика, карате, дзюдо, самбо, боксты қамтамасыз етеді. Сондай-ақ, 2,20 және 1,5 метр тереңдікте екі бассейн бар.

ДСК арқасында Атбасар ауданының әр түрлі жастағы тұрғындары дене шынықтыру және спортпен айналысып, денсаулықтарын арттыра алады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны