12.09.2017, 14:10 3935

Ақмола облысында егін орағы аяқталуға жақын

Кеӊесте егiн орағы науқаныныӊ барысы талқыланды. Облыстық ауылшаруашылығы басқармасыныӊ басшысы М. Балпанныӊ айтуынша, бүгiнгi күнi орақ науқанына облыс бойынша 9 мыӊнан астам комбайн жұмылдырылған. Бүгiнгi деректерге сәйкес, 3,3 млн алқаптан бидай орылып, қамбаға құйылған. Бұл көрсеткiш былтырғы жылдыӊ осы мауысымымен салыстырғанда 900 мыӊ гектар алқапқа артық.

Көкшетау. 12 қыркүйек. Kazakhstan Today - Ақмола облысы әкiмi Мәлiк Мырзалиннiӊ төрағалығымен аппарат кеӊесi өттi. Кеӊесте алдымен аймақ басшысы Ақмола облысы бiлiм басқармасыныӊ жаӊа басшысымен таныстырды.

Облыс әкiмiнiӊ 2017 жылғы 6 қыркүйектегi өкiмiмен Талғат Жүнiсов облыстық бiлiм басқармасы басшысы болып тағайындалды. Талғат Тұрлыбекұлы бұрыӊғы Көкшетау облысында дүниеге келген. Екi ЖОО бiтiрген. Техника ғылымдарыныӊ докторы, академик. Еӊбек жолын жұмысшы болып бастаған. Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттiк университетiнде ассистент, доцент, ауыл шаруашылығы институты директорыныӊ орынбасары, сырттай оқытатын бөлiмшенiӊ деканы, проректор лауазымына дейiнгi қызмет жолынан өткен. ҚР Бiлiм және ғылым министрлiгiнде қызмет атқарған. 2002-2008 жылдар аралығында Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттiк университетiнiӊ проректоры, 2008-2012 жылдары Рудный индустриалдық институтыныӊ ректоры, 2012-2014 жылдары ҚР Ұлттық инженерлiк академиясыныӊ вице-президентi, 2014-2016 жылдары ҚР Президентi жанындағы мемлекеттiк басқару академиясыныӊ вице-ректоры болып қызмет атқарды. Жаӊа қызметке тағайындалғанға дейiн "Ұлттық аграрлық ғылыми-оқыту орталығы" ҰАО Басқарма төрағасыныӊ орынбасары болды.

Кеӊесте егiн орағы науқаныныӊ барысы талқыланды. Облыстық ауылшаруашылығы басқармасыныӊ басшысы М. Балпанныӊ айтуынша, бүгiнгi күнi орақ науқанына облыс бойынша 9 мыӊнан астам комбайн жұмылдырылған. Бүгiнгi деректерге сәйкес, 3,3 млн алқаптан бидай орылып, қамбаға құйылған. Бұл көрсеткiш былтырғы жылдыӊ осы мауысымымен салыстырғанда 900 мыӊ гектар алқапқа артық.

"Атап айту керек, өӊiрдiӊ ауылшаруашылығы кешенi биыл ауылшаруашылығы өнiмдерiн диверсификациялау көрсеткiшiн арттыру бойынша АШ министрлiгiмен қол қойылған меморандумдағы барлық талаптарды орындады. Егер ауа-райы қолайлы болса, орақ науқанын уақытында аяқтаймыз",- дедi М. Балпан.

Өз кезегiнде аймақ басшысы, ырыс дәнiн ысырап қылмай жинау үшiн нақты тапсырмалар жүктеп, келесi жылғы көктемгi дала жұмыстарына қамдана берудi жүктедi.

Жиында мұрағат қызметiнiӊ даму мәселелерi де талқыланды. Облыстық мұрағаттар мен құжаттар басқармасыныӊ басшысы М. Тохаеваныӊ айтуынша, мемлекеттiк сақтау қорында бүгiнгi күнi 1 млн. 355 мыӊ мұрағат iс сақтаулы. Оларды сақтау үшiн қауiпсiздiк жұмыстары қарқынды жүруде. Мәселен, Жарқайыӊ мен Егiндiкөл аудандарындағы мұрағат ғимараттарында өрт қауiпсiздiгi мен күзет мәселесi оӊтайлы шешiлген. Ал, Бұланды, Целиноград, Бурабай аудандарында мұрағат ғимараттарыныӊ үлкейту жұмысы қолға алынып, құжаттардыӊ сыйымдылығы қамтамасыз етiлген. Матариалдық-техникалық базаны нығайту мәселесiн шешу үшiн биыл 15 млн теӊге бөлiнiп, Еӊбекшiлдер мен Ерейментау аудандарында қажеттi техника сатып алынған.

Жиында облыс әкiмi, мұрағаттарды сандық технологияға көшiру жұымысын жеделдетудi тапсырып, Елбасыныӊ "Рухани жанғыру" бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында бiр ай мерзiм iшiнде жаӊа жобалар нұсқасын ұсынуды мiндеттедi.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны