08.09.2017, 16:05 6165

Ақмола облысында электрондық ақпарат сақтайтын орталық ашылды

Өз сөзінде облыс әкімі, "аталған жоба Елбасыныӊ сандық Қазақстан форматына көшу жолында міндеттелген тапсырманыӊ нақты орындалуыныӊ бір мысалы және бұл жоба әлемдік барлық сатндарттарына сай жасақталған",- деді.

Көкшетау. 8 қыркүйек. Kazakhstan Today - Ақмола облысыныӊ Қосшы ауылында "Interget Solution" ЖШС-ніӊ электрондық ақпаратты сақтау және өӊдеу орталығы қолданысқа берілді. Нысанныӊ ашылуы салтанатына аймақ басшысы Мәлік Мырзалин қатысып, құттықтау сөз сөйледі.

Өз сөзінде облыс әкімі, "аталған жоба Елбасыныӊ сандық Қазақстан форматына көшу жолында міндеттелген тапсырманыӊ нақты орындалуыныӊ бір мысалы және бұл жоба әлемдік барлық сатндарттарына сай жасақталған",- деді.

Астана қаласыныӊ іргесінде Электрондық ақпарат сақтайтын орталық ашылды. Жоба бойынша аталмыш нысанныӊ құрылысы 4,5 миллирад теӊгені құрайды. Қазіргі заманғы құрылғылармен жабдықталған орталықта квазимемлекеттік және жеке секторға қызмет көрсетілетін болады. Кәсіпорын директоры Серікжан Құнанбаевтыӊ айтуынша, орталықтыӊ аумағы 1,2423 гектарды құрайды. Орталық клиенттердіӊ электрондық ақпараттарын сақтап, өӊдеуге мүмкіндік береді. "Мұнда электрондық ақпаратты сақтайтын 100 орын бар. Қызмет ауқымы Қазақстан Республикасы аумағын құрайды. Алдағы уақытта Қосшы ауылында коммерциялық құрылымдарға қызмет көрсететін осындай жаӊа кәсіпорын ашу жоспарланған", - дейді Серікжан Құнанбаев.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны