Система Orphus

Ақмола облысында Елорданыӊ азық-түлік белдеуін жасау тұрғысында құны 10,5 млрд теӊгені құрайтын 12 жоба көзделген

23.10.2017, 15:16 3378

Көкшетау. 23 қазан. Kazakhstan Today - Ақмола облысыныӊ әкімі Мәлік Мырзалинніӊ төрағалығымен өткізілген кезекті әкімдік мәжілісінде өӊір бойынша ағымдағы жылдыӊ тоғыз айындағы әлеуметтік-экономикалық дамудыӊ қорытындылары және бюджеттіӊ орындалуы, сондай-ақ, алда тұрған міндеттер жан-жақты сөз болды.

Жиынға облыстық мәслихат хатшысы Дулат Нұрмолдин, облыс ?кімініӊ орынбасарлары, қала, аудан әкімдері, мекемелер мен басқармалардыӊ басшылары, ұлттық компаниялар филиалдарыныӊ және бұқаралық ақпарат құралдарыныӊ өкілдері қатысты.

Күн тәртібіндегі алғашқы мәселе бойынша баяндама жасаған облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасыныӊ басшысы Бауыржан Мәлғаждаров өз сөзінде облыстыӊ бірқатар салаларыныӊ көрсеткіштері төмендеп кеткеніне тоқталды. Атап айтқанда, жалпы көлем индексі төмендеп, өӊдеу өнеркәсібінде де нақты көлем индексініӊ өсімі 100,4 пайызға (2016 жылы - 108,3 пайыз) жетті. Тау-кен өндіру өнеркәсібінде нақтылы көлем индексі 91,9 және өӊдеу өнеркәсібінде 100,8 пайыз болды. Алдыӊғысындағы төмен көрсеткіш құрамында алтын бар концентраттар өндірісініӊ азаюынан орын алды. Дегенмен, кейбір салалар бойынша ілгерілеушілік бар. Жыл басынан бері өӊірдіӊ негізгі өндіріс орындарыныӊ бірі - Степногорск подшипник зауыты мен "КамАЗ-Инжиниринг" АҚ, "Қамқор-Локомотив" ЖШС-де де жұмыс жандана түсуде. Мұныӊ өзі негізгі экономикалық көрсеткіштерге де оӊ әсер етуде. Облыстыӊ республика көлемінде алғанда жағдайыныӊ әзірше жаман еместігі осыныӊ айғағы. Бұл көрсеткіштерді тұтастай алғанда, ауыл шаруашылығы саласыныӊ ептеп интенсивті дамуын жақсарта түсетін сияқты. Мұнда мал мен құс саныныӊ өсуі байқалады. Сондай-ақ, 6,2 миллиард теӊгеніӊ 6 жобасы іске асырылған. Астананыӊ айналасында азық-түлік белдеуін жасау тұрғысында да 12 жоба көзделген. Олардыӊ құны 10,5 миллиард теӊге. Оған қоса, биылғы жылы облыс бойынша орташа гектарынан 11,9 центнерден алғанда 5123,9 мыӊ тонна астық жиналды.

Жыл басынан бері 10,7 мыӊнан астам жаӊа жұмыс орны құрылса, соныӊ 5950-і тұрақты жұмыс орны болып табылады. "Жұмыспен қамтудыӊ жол картасы - 2020" бағдарламасын жүзеге асыру арқылы тиісті көмек-қолдау көрсетіліп жатыр. Есепті баяндамада ?леуметтік- экономикалық жағдайдыӊ барлығы сараптала түскендіктен, с?билердіӊ шетінеу көрсеткіші 5,7 пайызға кемігені қуантады.

Мәжілісте күн тәртібіндегі екінші мәселе - 9 айдыӊ ішінде облыстық бюджеттіӊ орындалу қорытындылары туралы облыстық қаржы басқармасыныӊ басшысы Талғат Бөлтенов баяндап берді. Оныӊ айтуынша, бюджет кірісі 172 437,8 миллион теӊгені немесе 102,8 пайызды құраған. Бұл бағытта жоспар Қорғалжын ауданынан басқа облыстыӊ барлық өӊірлерінде орындалған. Сол сияқты, бюджеттіӊ шығыс бөлігі 165 360,2 миллион теӊге немесе 97,1 пайыз көлемінде болып отыр. Баяндамашы өз сөзінде атап өткеніндей, бюджетті толық игермеудіӊ ортақ көрсеткішке ?сері қазірден-ақ байқалуда. Сондықтан, мәжілісті қорытындылаған облыс әкімі Мәлік Мырзалин тиісті ведомстволардыӊ басшылары мен аудан, қала әкімдеріне жағдайды тез арада жақсартуды тапсырды. Жарыссөзде сөйлеген бірқатар әкімдер мен басқарма басшылары орын алған кемшіліктердіӊ себебін түсіндіріп, қалған екі жарым айда соныӊ орнын толтыру жөнінде өз іс-жоспарларын баяндады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

При использовании информации, гиперссылка на информационное агентство Kazakhstan Today обязательна.

Комментарии

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны