21.09.2009, 15:36 2019

Ақмола облысында қарулы барымташылар құрықталды

Ақмола облысында қарулы барымташылар құрықталды

Көкшетау. 21 қыркүйек. Kazakhstan Today - Ақмола облысының Қорғалжың ауданында қарулы барымташылар құрықталды, деп хабарлайды Kazakhstan Today Ақмола облыстық ІІД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, учаске инспекторы, полиция капитаны Жексембай Жақыпбеков, жол полициясының инспекторы, полиция капитаны Думан Ілиясов пен уақытша ұстау изоляторының қызметкері полиция сержанты Кенжебек Қаратаевтар таңғы сағат 5 кезінде Қорғалжың - Астана тас жолында Volkswagen Caravelle көлігін тоқтатқан.

"Көлік тізгінінде 40 жастағы жігіт отырған, онымен бірге 21 мен 31 жас аралығындағы төрт жолаушы келе жатқан. Олардың бірі - Қорғалжың ауданының, қалғандары - Астананың тұрғындары", - деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Көліктің ішін тексеру барысында тәртіп сақшылары сиырдың еті мен 16-шы калибрлі аңшы мылтығы мен бірнеше пышақ тапқан. "Тексеру барысында Арықты ауылының тұрғынына тиесілі сиырды олар осы ауылға таяу жердегі жайылымнан атып алғанны анықталды", - деп хабарлайды полициядағылар.

Қазір ұсталғандар уақытша ұстау абақтысына қамалды, ҚР Қылмыстық кодексінің 175-ші бабының 2-ші тармағы (ұрлық, яғни бөтен мүлікті бірнеше мәрте жасырын ұрлау) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тәртіп сақшылары ұсталғандардың басқа да осы тектес қылмыстарға қатысы бар екендігін жоққа шығармайды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны