03.04.2009, 16:09 3169

Ақмола облысында қарулы қарақшылық шабуылға қатысы бар төрт күдікті ұсталды

Ақмола облысында қарулы қарақшылық шабуылға қатысы бар төрт күдікті ұсталды

Көкшетау. 3 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Ақмола облысының тәртіп сақшылары қарулы қарақшылық шабуылға қатысы бар төрт күдіктіні ұстау іс-шарасын жүзеге асырды, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі Ақмола облыстық ІІД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Көкшетаудан 23 шақырым жерде 30 наурызда темір жол өткелінде "БАСКО" ЖШС құс фабрикасына тиесілі ВАЗ-21112 көлігіне қарақшылық шабуыл жасалды. Жүргізуші жараланып, 3 млн 400 мың теңге ұрланды.

Полицияның хабарлауынша, автокөлік Көкшетауға қарай Чкалово ауылынан шыққан. Құс фабрикасының 42 жастағы жүргізушісі мен 40 жастағы кассир әйел қаладағы бір банкке бет алған. Омск - Көкшетау тас жолында Қызыл Таң ауылынан 5 шақырым жерде оларды шетел көлігі қуып жеткен. Жолды кесе көлденеңдей тоқтаған көліктен қара киім киген белгісіз біреулер шығып, жүргізушіге қарата оқ атып оны жарақаттап, ақшаны алып, іздерін жасырған.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Астананың тұрғындары болып табылатын екі күдікті қарақшылығы және ұрлық жасағаны үшін бұрын сотталған, қалғандары - Солтүстік Қазақстан облысының тұрғындары, олардың бірі - қарақшылық шабуыл жасауға ақпар беруші, ол "БАСКО" ЖШС-де жүргізуші болып істеген.

"Қылмыскерлерден ұрланған ақшаның бір бөлігі - 1,5 млн жуық теңге алынды, қалған ақша іздестіріліп жатыр", - деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Қазір жүргізуші ауыр жағдайда Ақмола облыстық ауруханасында жатыр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны