09.09.2009, 17:18 3002

Ақмола облысында кәсіпкер "Даму" шағын кәсіпкерлікті дамыту қорынан 10 млн 800 мың теңге ұрлаған

Ақмола облысында кәсіпкер "Даму" шағын кәсіпкерлікті дамыту қорынан 10 млн 800 мың теңге ұрлаған

Астана. 9 қыркүйек. Kazakhstan Today - Ақмола облысында кәсіпкер "Даму" шағын кәсіпкерлікті дамыту қорынан 10 млн 800 мың теңге ұрлаған. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің (қаржы полициясы) ресми өкілі Мұрат Жұманбай бүгін өткен баспасөз мәслихатында мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

"Кәсіпкерлікті дамытуға бөлінген бюджет қаражатын талан-таражға салу фактілері орын алған. Ақмола облысында "Агротехсервис 2000" ЖШС директоры сотқа тапсырылды. Ол ЖШС кассасынан "Даму" шағын кәсіпкерлікті дамыту қорынан өртке қарсы техниканы жинау және жөндеуге бөлінген 10 млн 800 мың теңге көлеміндегі қаражатты кассалық ордерлердің негізінде алған және жеке мақсаттарына жұмсаған,- деді М.Жұманбай.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны