02.09.2009, 16:36 2902

Ақмола облысында "Қазпошта" АҚ филиалынан 226 млн астам теңгені тонау дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды

Ақмола облысында "Қазпошта" АҚ филиалынан 226 млн астам теңгені тонау дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды

Көкшетау. 2 қыркүйек. Kazakhstan Today - Ақмола облысында "Қазпошта" АҚ филиалынан 226 млн астам теңгені тонау дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Kazakhstan Today Ақмола облысы бойынша экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорыққа қарсы күрес департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, "Қазпошта" акционерлік қоғамы облыстық филиалы мен "Альянс Банк" акционерлік қоғамы филиалының қызметкері мен оның алты сыбайласына қатысты қылмыстық іс қозғалды.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, 2006 жылдың тамызы мен 2008 жылдың желтоқсаны аралығында Атбасар аудандық байланыс торабының программисі "Альянс Банк" акционерлік қоғамының несие беруші менеджерінің аймақтық өкілдігі қызметін атқара жүріп, сыбайластарының есепшоттарына қоғамның несиелік қаржыларын аударып отырған. "Аманат" бағдарламасының көшірмесіне жалған ақпараттар енгізу арқылы іздерін жасырып келген. Сыбайластарымен бірге Көкшетау қаласында оңай олжаға кенеліп отырған. Осылайша алты адамнан құрылған ұйымдасқан қылмыстық топ филиалға едәуір мөлшерде материалдық шығын келтірді. Осы әдіспен 226 миллион теңгені жымқырып, оған сыбайластарымен бірге Атбасар қаласында үй салып, трактор сатып алған. Қазіргі кезде күдіктілердің үстінен ҚР Қылмыстық кодексінің бірнеше бабы бойынша қылмыстық іс қозғалып, олар қамауға алынып, тергеу амалдары жүргізілуде.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны