27.07.2017, 20:21 4380

Ақмола облысында кешікпей Орталық Азиядағы аса ірі күн электр станциясыныӊ құрылысы басталады

Жобаныӊ құны - 165 миллион евро. Қазір оны ілгері жылжыту жұмыстарыныӊ елеулі бөлігі аяқталып, аумағы 300 га жер теліміндегі дайындық жұмыстары басталды.

Көкшетау. 27 шілде. Kazakhstan Today - Ақмола облысында кешікпей Орталық Азиядағы аса ірі күн электр станциясыныӊ құрылысы басталады.

Қуаттылығы 100 МВт болып табылатын Орталық Азиядағы аса ірі күн электр станциясыныӊ жобасын жасау және құрылысын жүргізу бойынша тапсырыс беруші, инвестор әрі девелопер "KB Enterprises" компаниясы,жобалау алдындағы дайындық жұмыстары кезеӊін аяқтап, жобаныӊ шешуші кезеӊіне кірісті. Жаӊа күн электр станциясы Целиноград ауданыныӊ Қабанбай Батыр ауылында салынады. Бұл туралы Ақмола облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасыныӊ баспасөз қызметі хабарлайды.

Жобаныӊ құны - 165 миллион евро. Қазір оны ілгері жылжыту жұмыстарыныӊ елеулі бөлігі аяқталып, аумағы 300 га жер теліміндегі дайындық жұмыстары басталды.

Инженерлік мердігерлік ұйым рөлін SUMECCLEANENERGYINTERNATIONALCO.,LTD халықаралық холдингі атқарады. Құрылыс жұмыстары энергетика саласындағы көшбастаушы компаниялардыӊ бірі - Еуропалық ABBконцернімен етене жақын ынтымақтастықта жүзеге асырылатын болады. Концерн өз сарапшыларыныӊ қатысуымен құрал-жабдықты таӊдаудан бастап оларды жеткізу және монтаждауға дейінгі бүкіл жұмыстар циклінде жоғарғы деӊгейде бақылауды жүзеге асырады. Осылайша, жоба тек Қазақстандағы ғана емес, бүкіл Орталық Азия аймағындағы еӊ заманауи әрі жоғары технологиялық энергетикалық кешенге айналмақ.

Бұл жоба қосымша жұмыс орындарын құрады, өӊірдіӊ энергетикалық жүйесін жақсартады, сондай-ақ, ұзақ мерзімді келешекте облыстыӊ және тұтастай алғанда елдіӊ қаржылық-экономикалық ахуалына оӊ ықпалын тигізеді. Сондай-ақ, бұл жоба жргілікті нарықтыӊ келешегі бар инвестициялық "жасыл" технологиялар үшін ашықтығын айқындайды. Жобаныӊ сәтті жүзеге асырылуы бүкіл әлемдік қоғамдастық үшін Қазақстанныӊ осындай ауқымды, жоғары технологиялық, экологиялық және қоғам үшін пайдалы жобаларға әзір екенін паш ететін нышанға айналмақшы.

"KB Enterprises" компаниясы жұмысқа тартқан барлық жоба қатысушылары халықаралық деӊгейдегі сарапшылар болып табылады, ал бұл осынау стратегиялық жобаныӊ сәтті жүзеге асырылатындығыныӊ кепілі,- деп хабарлайды әкімдік.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны