26.06.2017, 10:14 4084

Ақмола облысында көктемгi дала жұмыстарыныӊ қорытындысы талқыланды

Ақмола облысыныӊ әкімі Мәлiк Мырзалиннiӊ төрағалығымен өткiзiлген кезектi әкiмдiк мәжiлiсiнде көктемгi дала жұмыстарыныӊ қорытындысы және мiндеттi әлеуметтiк медициналық сақтандыруды енгiзу туралы мәселелер қаралып, талқыланды.

Көкшетау. 15 маусым. Kazakhstan Today - Ақмола облысыныӊ әкімі Мәлiк Мырзалиннiӊ төрағалығымен өткiзiлген кезектi әкiмдiк мәжiлiсiнде көктемгi дала жұмыстарыныӊ қорытындысы және мiндеттi әлеуметтiк медициналық сақтандыруды енгiзу туралы мәселелер қаралып, талқыланды.

Күн тәртiбiндегi бiрiншi мәселе бойынша баяндама жасаған облыстық ауыл шаруашылығы басқармасыныӊ басшысы Мұрат Балпан аймақта биылғы көктемгi егiс науқаныныӊ мерзiмiнде, агротехникалық талаптарға сай сапалы атқарылып шыққандығын мәлiмдедi. Айталық, облыс бойынша негiзгi дақыл - бидай 4,3 миллион гектар алқапқа 31 мамырда толық себiлiп бiттi. Қалған майлы және бұршақты дақылдар тұқымы да көпке созылған жоқ, уақытында сiӊiрiлдi.

Облыс әкiмi мәжiлiсте осы жағын биылғы жылдыӊ басты жетiстiгi ретiнде атап өтiп, саланы Елбасы атап көрсеткенiндей, ғылымныӊ әлеуетiмен ұштастыра жүргiзу қажеттiгiне назар аударды.

- Бұл орайда, облыстық әкiмдiкте ғылыми сараптамалық кеӊес құрылып, ол тұқым сапасы, оны себудiӊ мерзiмi, минералды тыӊайтқыштарды қолдану мәселелерiн елеп-екшеп отыратын болады. Ирбiр ауданда егiншiлiк шаруашылығын дамытудыӊ жекелеген бағдарламасы жасалып, бұл бағытта да тиiстi жұмыстар қолға алынады, - деп атап көрсеттi аймақ басшысы.

Облыс әкiмiнiӊ мәжiлiсiнде сондай-ақ мiндеттi әлеуметтiк медициналық сақтандыру мәселесi қаралып, аталған жұмысты жандандыру бағытында бiрқатар сала басшысына нақты тапсырмалар жүктелдi.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны