27.06.2011, 13:58 3921

Ақмола облысында мәслихат депутатын атып кетті

ҚазТаг ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, Ақмола облысында облыстық мәслихаттың депутаты Александр Клименконы атып өлтірген қылмыскерлер іздестірілуде.

Алматы. 27-маусым. Kazakhstan Today - Ақмола облысында мәслихат депутатын атып кетті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚазТаг ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, Ақмола облысында облыстық мәслихаттың депутаты Александр Клименконы атып өлтірген қылмыскерлер іздестірілуде.

"Түнде Атбасар қаласында бетперде киген екі Адам А. Клименконың жеке меншік үйіне басып кіріп, бірнеше рет қарудан оқ атқан. А. Клименко алған жарақаттар салдарынан оқиға орнында көз жұмды. Қылмыскерлер депутаттың әйелін соққыға жығып, байлап тастаған", - деп мәлім етті дереккөз.

А. Клименко "Клименко -1"жеке меншік фирмасының директоры болған. Жәбірленушінің айтуынша, қылмыскерлер үйден ақша іздеген. Үйдің астын-үстіне шығарып қопарыстырып, шамамен таңғы сағат 4 кезінде кеткен. Прокурор марқұмның "Mazda" маркалы көлігімен кеткендігін хабарлады.

"Үйден ештеңе жоғалған жоқ. Қылмыстың депутаттық кәсіпкерлік қызметіне қатысы болуы мүмкін", - деп хабарлады ақпарат көзі.

"Кісі өлтіру" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қылмыс орнында ІІД жедел тергеу тобы жұмыс істеуде. Клименко өліміне байланысты басты болжамдар қатарында "баю мақсатында қарақшылық шабуыл жасау" болжамы да бар.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны