26.11.2017, 12:21 4560

Ақмола облысында нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасыныӊ өӊірде жүзеге асырылуы талқыланды

23 қарашада Ақмола облысыныӊ әкімі Мәлік Мырзалинніӊ төрағалығымен өткізілген кезекті әкімдік мәжілісінде нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудыӊ 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасыныӊ өӊірде жүзеге асырылуы, сондай-ақ, қоғамдық тәртіпті сақтау және құқық бұзушылықтардыӊ алдын алу шараларыныӊ барысы талқыланып, нақты міндеттер белгіленді.

Көкшетау. 26 қараша. Kazakhstan Today - 23 қарашада Ақмола облысыныӊ әкімі Мәлік Мырзалинніӊ төрағалығымен өткізілген кезекті әкімдік мәжілісінде нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудыӊ 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасыныӊ өӊірде жүзеге асырылуы, сондай-ақ, қоғамдық тәртіпті сақтау және құқық бұзушылықтардыӊ алдын алу шараларыныӊ барысы талқыланып, нақты міндеттер белгіленді.

Жиынға облыстық мәслихаттыӊ хатшысы Дулат Нұрмолдин, облыс әкімініӊ орынбасарлары, қала, аудан әкімдері, мекемелер мен басқармалардыӊ басшылары, ұлттық компаниялар филиалдарыныӊ және бұқаралық ақпарат құралдарыныӊ өкілдері қатысты. Мәжілісте күн тәртібіндегі алғашқы мәселе бойынша облыстық жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасыныӊ басшысы Дина Ахметжанованыӊ баяндамасы тыӊдалды.

Басқарма басшысы өз сөзінде Елбасыныӊ тікелей тапсырмасына сәйкес қолға алынған нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудыӊ 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасын жүзеге асыру үшін 4979,7 миллион теӊге қаржы бөлінгенін атап өтті. Үш бағыт бойынша бөлінген қаржыныӊ 3556,5 миллион теӊгесі игерілген. Бағдарлама аясында облыс бойынша барлығы 16727 адам жұмысқа орналасса, оныӊ 74,7 пайызы тұрақты жұмыс орны. Елбасы Жолдауы мен "100 нақты қадам" Ұлт жоспарында адамдарды еӊбек нарығындағы сұранысқа ие жұмысшы және кәсіптік-техникалық мамандықтар бойынша оқыту міндеті қойылғаны мәлім. Бұл ретте бағдарламаныӊ "Бағдарламаға қатысушыларды техникалық және кәсіби біліммен және қысқа мерзімді кәсіптік оқумен қамтамасыз ету" бірінші бағыты бойынша 1190 адам 18 техникалық және кәсіби оқыту орнында 26 мамандық бойынша білім алып жатыр. Қазіргі таӊда техникалық және кәсіптік білімі бар кадр-ларды даярлау бойынша 293 мобильдік топ құрылып отыр. Сонымен қатар, жұмысшы кадрларға еӊбек нарығында сұранысқа ие 57 мамандық бойынша қысқа мерзімді кәсіптік білім беретін 25 колледж және 7 оқу орталығы анықталды. Жыл басынан бері еӊбек нарығындағы сұранысқа ие түрлі мамандықтар бойынша 4759 адам қысқа мерзімді курстарға жолданды.

Бағдарламаныӊ "Жаппай кәсіпкерлікті дамыту" екінші бағыты аясында несие беру арқылы шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту қарастырылған. Елбасы биылғы Жолдауында шағын несие беру аясын кеӊейтіп, кәсіпкерлерге кепілдік жасау және қызмет көрсету тетіктерін белсенді пайдалану, сонымен қатар, жаппай кәсіпкерлікті қолдау тетіктерін одан әрі жетілдіру керектігін атап көрсеткен болатын. Бұл бағыт бойынша бөлінген 2805,2 миллион теӊге қаржыныӊ 73,3 пайызы игерілген. Оныӊ ішінде облыс бойынша ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры арқылы 407 адамға 1,8 миллиард теӊге көлемінде несие берілді. Бұған қоса, "Бастау Бизнес" жобасы бойынша 938 адамды кәсіпкерлік негіздеріне оқыту жоспарланып, қазіргі таӊда оқыту кестесіне сәйкес бес ауданда алты топ бойынша (Зеренді, Атбасар, Ерейментау, Шортанды және Бұланды) пилоттық режимде оқытудыӊ екінші кезеӊі басталды.

Бағдарламаныӊ "Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және еӊбек ресурстарыныӊ ұтқырлығы арқылы еӊбек нарығын дамыту" үшінші бағыты аясында жұмыссыздарды және өзін-өзі жұмыспен қамтыған адамдарды жұмыспен қамтамасыз етуге жәрдемдесу қарастырылуда. Атап айтқанда, мақсатты топқа жататын адамдарды әлеуметтік жұмыс орындарына, ал, жоғары оқу орындарын бітірген түлектерді алғашқы тәжірибе жинақтау мақсатында жастар тәжірибесіне жолдау және жұмыссыздарды ақылы қоғамдық жұмыстарға тарту шаралары жүзеге асырылуда. Мысалы, 495 адамды әлеуметтік жұмыс орындарына жолдау жоспарланса, ол қазірдіӊ өзінде 619 адам болып орындалды. Сол секілді 652 жас маман жастар тәжірибесіне жолданды. Сондай-ақ ақылы қоғамдық жұмыстарға 2408 адамды жіберу жоспарланса, бүгінгі күнге дейін 2705 адам тартылды. Есепті баяндамада айтылғандай жаӊа бағдарламаны жүзеге асыру барысында жыл соӊына қарай жалпы жұмыссыздық деӊгейі біршама азаятынына толық негіз бар.

Бағдарламаныӊ екінші бағыты бойынша жарыссөзге шыққан облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасыныӊ басшысы Ербол Жақсылықов, облыстық ауыл шаруашылығы басқармасыныӊ басшысы Мұрат Балпан, сондай-ақ, бұл бағытта баяу жұмыс жүргізіліп жатқан Ақкөл және Бурабай аудандарыныӊ әкімдері сылбырлықтыӊ себебін түсіндірді.

Мәжілісте күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша облыстық ішкі істер департаментініӊ жергілікті полиция қызметініӊ басшысы Серік Баймұқанов баяндап берді. Оныӊ айтуына қарағанда, жергілікті полиция қызметініӊ қоғамныӊ мұқтаждықтарын қамтамасыз ету және оныӊ береке-бірлікте тұрақты дамуы секілді негізгі бағыттары айқындалған. Жыл басынан бері облыс бойынша жүргізілген қоғамдық тәртіпті сақтау және құқық бұзушылықтардыӊ алдын алу шараларыныӊ нәтижесінде қылмыстыӊ саны өткен жылдыӊ сәйкес кезеӊімен салыстырғанда айтарлықтай пайызға кеміген. Мәселен, былтырғы жылдыӊ сәйкес кезеӊінде 11998 қылмыс тіркелсе, биыл бұл көрсеткіш 10415-ті құрады. Осы орайда, қоғамдық орындарда жасалынатын қылмыстыӊ саны азайғанымен қоғам тыныштығын бұзушылық көбейген. Сондықтан, халық көп шоғырланған елді мекендерде жедел жағдайлардыӊ жай-күйі ескеріле отырып, шулы шағын учаскелерде бірқатар алдын алу іс-шаралары жүзеге асырылуда. Сөз соӊында Серік Баймұқанов кейбір кемшін кеткен тұстардыӊ алдағы уақытта назарға алынып, сол бойынша жұмыстар атқарылатынын атап өтті.

Осы орайда, мәжілісті қорытындылаған облыс әкімі Мәлік Мырзалин тиісті ведомстволардыӊ басшылары мен аудан, қала әкімдеріне жыл соӊына дейін жоспарланған шараларды толық жүзеге асыру бағытындағы жұмыстарды ширатуды тапсырды.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны