14.07.2017, 18:45 6315

Ақмола облысында "Өмірге құштарлық! - Жить вопреки!" әлеуметтік жобасы үздік жоба деп танылды

Байқауға облыстыӊ он бір ауданы мен Көкшетау қаласынан келтірілген әлеуметтік жобалар қатысты.

Көкшетау. 14 шілде. Kazakhstan Today - Көкшетауда "Ақмола облысында 2017 жылы жүзеге асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар" атты көрме өтті. Байқауға 16 облыстық жоба қатысты. Онда мүгедек балаларға арнаулы әлеуметтік көмек көрсету бойынша "Өмір" атты отбасылық тәрбиелеу орталығы қоғамдық бірлестігініӊ "Өмірге құштарлық! - Жить вопреки!" әлеуметтік жобасы жеӊімпаз деп танылды, - деп хабарлайды Ішкі саясат басқармасыныӊ Өӊірлік коммуникациялар қызметі.

"Өмірге құштарлық! - Жить вопреки!" жобасыныӊ жетекшісі Юлия Сарсекееваныӊ айтуынша, Отбасылық тәрбиелеу орталығы жұмыс істей бастағалы бір жыл болды және психоневрологиялық ауруларға шалдыққан балалардыӊ реабилитациясы үшін құрылған. Арнайы әзірленген дамытушы бағдарлама осындай өзгеше балаларды реабилитациялау және сауықтыру және олардыӊ ата-аналарын арнаулы машықтандыруға оқыту жұмыстарына жәрдемдеседі. Бүгінгі күні орталыққа 3 пен 17 жас аралығынжағы 25 бала келеді. Бағдарламаға бассейндегі сабақтар, иппотерапия, театрлық студиядағы шығармашылық концерттер қамтылған.

Байқауды қоғамдық бірлестіктерге қолдау көрсету және халықтыӊ әлеуметтік аз қорғалған бөлігін, оныӊ ішінде тағдырдыӊ қиындығына ұшыраған мүмкіндігі шектеулі тұлғалардыӊ өмір сапасын жақсарту мақсатында Ақмола облыстық Жұмыспен қамтуды және әлеуметтік жобаларды үйлестіру басқармасы ұйымдастырған.

Байқауға облыстыӊ он бір ауданы мен Көкшетау қаласынан келтірілген әлеуметтік жобалар қатысты.

Облыстық іріктеу турыныӊ жеӊімпаздары кубок, жеӊімпаз дипломы мен арнаулы сыйлық- ноутбукке ие болды. Іс-шараныӊ басқа қатысушыларына байқауға қатысқаны үшін алғыс хаттар мен ескерткіш сыйлықтар табысталды.

Байқаудыӊ ақтық кезеӊі Астанада 2017 жылдыӊ қыркүйек айыныӊ басында өтеді.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны