19.10.2017, 22:03 5741

Ақмола облысында "Рухани жаӊғыру" идеясыныӊ "Атамекен" кіші бағдарламасы шеӊберінде 4,8 млрд. теӊгеге 57 жоба жүзеге асырылуда

Жалпы алғанда, осы бағдарламаныӊ аясында 2022 жылға дейінгі мерзімде 107 жоба жоспарлануда, оныӊ ішінде "Тәрбие және білім" кіші бағдарламалары бойынша - 24 шағын жоба және жобалар, "Рухани қазына" бойынша - 79 жоба және ұлттық дәстүрлер мен құндылықтарды, ішкі туризмді дамыту жөніндегі іс-шаралар, "Атамекен" - 4 жоба.

Көкшетау. 19 қазан. Kazakhstan Today - Ақмола облысында "Рухани жаӊғыру" бағдарламасын іске асырудыӊ практикалық кезеӊі жүріп жатыр. Бұл жұмысқа барлық орталық және жергілікті атқарушы органдар, сондай-ақ азаматтық қоғамдық институттары қатысады. Жалпы алғанда, осы бағдарламаныӊ аясында 2022 жылға дейінгі мерзімде 107 жоба жоспарлануда, оныӊ ішінде "Тәрбие және білім" кіші бағдарламалары бойынша - 24 шағын жоба және жобалар, "Рухани қазына" бойынша - 79 жоба және ұлттық дәстүрлер мен құндылықтарды, ішкі туризмді дамыту жөніндегі іс-шаралар, "Атамекен" - 4 жоба.

Облыстық ішкі саясат басқармасы ұйымдастырған "Рухани жаӊғыру - болашақтыӊ бекем бағдары" атты семинарда "Рухани жаӊғыру" бағдарламасын іске асыру бойынша жобалар мен басқа да жұмыс түрлері талқыланды.

Семинардыӊ қонағы, "Рухани жаӊғыру" бағдарламасыныӊ Республикалық басқармасыныӊ "Тәрбие және білім" кіші бағдарламасыныӊ бас менеджері, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігініӊ мектепке дейінгі білім беру бөлімініӊ бас маманы С. Ибраева "Тәрбие және білім" атты кіші бағдарламаныӊ басты назары қазақстандықтарды бәсекелестікке, прагматикалық және амбициялық тұлға ретінде тәрбиелеуге арналатындығын атады.

Мәдениет басқармасыныӊ басшысы С.Бөрібаеваныӊ айтуынша, "Қазақстанныӊ 100 киелі орны" республикалық тізіміне 11 объектімен 8 жоба кірген. Мәселен, Ерейментау ауданыныӊ аумағында Құмай бірегей археологиялық және этнографиялық кешені бар, мұнда бірнеше дәуірлердіӊ ескерткіштері - қола дәуірі, ерте темір дәуірі, ғұн, классикалық түркі және этнографиялық даму кезеӊдері сақталған. Еӊ маӊызды ескерткіштер - 1-6 ғасырларға дейінгі Батыс түрік қағанатыныӊ кезеӊініӊ тас мүсіндері. Осы кешенніӊ құрылысы болашақта экологиялық, этномәдени және басқа да туристік қызмет түрлерін дамыту үшін алғышарттар жасайды.

Ақмола облысындағы "Атамекен" кіші бағдарламасын іске асыру шеӊберінде 2017 жылы 4,8 млрд. теӊге сомасына бірнеше мәдени, тарихи және әлеуметтік нысандарды қайта құру және салу бойынша 57 жоба жүзеге асырылуда.

Басты мақсат - әлеуметтік маӊызы бар жобаларға жұртшылықтыӊ атсалысуы және студенттердіӊ тәрбие жұмысына оӊ әсерін пайдалану, яғни қазақстандық патриотизм рухында тәрбиелеу жақтарын дамыту.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны