04.07.2006, 19:30 3007

Ақмола облысында ҰҚК қызметкерлері Степногорск қаласының екі тұрғынынан 20 килограмм аммонит жарылғыш затын тәркіледі

АСТАНА. 4-шілде. Kazakhstan Today. Ақмола облыстық ҰҚКД қызметкерлері Степногорск қаласының екі тұрғынынан 20 килограмм аммонит жарылғыш затын тәркіледі. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне ҚР ҰҚК-нің баспасөз қызметінен хабарлады.

Баспасөз қызметінің түсініктемесіне сәйкес, күдіктілер жарылғыш затқа жататын «Аммонит-6ЖВ» атты 80 оқты заңсыз сатпақ болған жерінен қолға түскен.
Тұтқындар жарылғыш заттарды “Қазақалтын” АҚ-ында жарғыш болып істейтін Степногорск қаласының тұрғынынан сатып алғанын хабарлаған.

Оның тұрғылықты жерінен қосымша 150 метр детонациялық жіп табылып тәркіленді.
Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны