10.10.2017, 17:41 4336

Ақмола облысында жаӊа судьялар тағайындалды

Облыстық соттыӊ судьялар кеӊесінде Ақмола облыстық сотыныӊ төрағасы Досжан Иміров жаӊа тағайындалған судьяларды таныстырды.

Көкшетау. 10 қазан. Kazakhstan Today - Облыстық соттыӊ судьялар кеӊесінде Ақмола облыстық сотыныӊ төрағасы Досжан Иміров жаӊа тағайындалған судьяларды таныстырды.

"Қазақстан Республикасы соттарыныӊ төрағалары мен судьяларын қызметке тағайындау және қызметтен босату туралы" Қазақстан Республикасы Президентініӊ 2017 жылғы 22 қыркүйектегі № 551 Жарлығымен Есіл аудандық сотыныӊ судья қызметіне Саян Жылқайдаров, Көкшетау қалалық сотыныӊ судья қызметіне Сержан Қожамұратов тағайындалды.

Облыстық соттыӊ төрағасы тағайындалған судьяларды құттықтап, жұмыстарына табыс тіледі. Сондай-ақ,сот төрелігін сапалы іске асырып,заӊ үстемдігін қамтамасыз етуге тапсырма берді.Облыстық соттыӊ төрағасы Есіл ауданыныӊ, Көкшетау қалалық сотыныӊ төрағаларына және Соттар әкімшісіне жаӊа тағайындалған судьяларға жұмысқа қажетті жағдайлармен қамтамасыз етуге тапсырма берді, деп хабарлайды Ақмола облыстық сотыныӊ баспасөз қызметі.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны