25.07.2017, 19:45 4019

Ақмола облысында жыл бойы жұмыс істейтін жаӊа шипажай пайда болады

Ақмола облысы Бурабай ауданы әкімініӊ ақпаратына сәйкес, өӊірге халықаралық туристік жобаларды әзірлеумен шұғылданатын испандық THR (International Tourism Consultants) консультациялық компаниясыныӊ өкілдері келіп қайтты. Компания Щучинск-Бурабай шипажай аймағыныӊ солтүстік бөлігін дамыту тұжырымдамасын қарастыруда. Ондағы мақсат - жыл бойы жұмыс істейтін жаӊа әлемдік деӊгейдегі шипажай құру.

Көкшетау. 25 шілде. Kazakhstan Today - Ақмола облысында жыл бойы жұмыс істейтін жаӊа шипажай пайда болады,- деп хабарлайды өӊірлік коммуникациялар қызметі.

Ақмола облысы Бурабай ауданы әкімініӊ ақпаратына сәйкес, өӊірге халықаралық туристік жобаларды әзірлеумен шұғылданатын испандық THR (International Tourism Consultants) консультациялық компаниясыныӊ өкілдері келіп қайтты. Компания Щучинск-Бурабай шипажай аймағыныӊ солтүстік бөлігін дамыту тұжырымдамасын қарастыруда. Ондағы мақсат - жыл бойы жұмыс істейтін жаӊа әлемдік деӊгейдегі шипажай құру.

Жобаны жүзеге асыру үшін "Бурабай" ұлтық паркініӊ солтүстік-батыс бөлігінде орналасқан және Үлкен Чегбачье және Текекөл көлдерініӊ жағалауын қамтитын 233 га аумақты жер телімі таӊдап алынды.

Бұл жер телімі елдімекеннен 3 шақырым жерде орналасқан, ыӊғайлы кіреберіс жолдары бар, маӊайына жоғары кернеулі электр жалғастыру желісі тартылғандығымен артықшылықта. Бұған қоса ұсақ шоқылы жер бедері мен жағалау аймағыныӊ ландшафты туристік кластер дамытуға қолайлы болып табылады.

Қазір елдімекендерден жер теліміне дейін инженерлік желілер мен жол тарту бойынша инвестициялық жоба әзірленуде.

Икімдік ақпаратына сәйкес, THRInternationalTourismConsultantsкомпаниясы Испанияда 1985 жылы құрылған. THR құрамына түрлі елдер мен ЕО және ДСҰ секілді халықаралық компаниялар мен үкіметтер кіреді.

Испанияда және Еуропа, Солтүстік Африка, Оӊтүстік Америка, Кариб теӊізі және Солтүстік Американыӊ 60-тан астам елінде түрлі туристік бағыттар бойынша 1000-нан астам жобалар жасалған.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны