25.07.2014, 20:18 3319

Ақмола облысында жыл соңына дейін 7 медпункт пен 8 амбулатория пайдалануға беріледі

Ақкөл қаласы, Ақкөл ауданы, Зеренді ауылы мен Зеренді ауданында 250 орындық аудандық емхананың құрылысы жүргізілуде, 70 орындық аурухана Жарқайың ауданының Державинск ауылында салынып жатыр, бұл үшін республикалық бюджеттен 1,2 млрд теңге бөлінді.

Алматы. 25 шілде. Kazakhstan today. "Саламатты Қазақстан" мемлекеттік бағдарламасы аясында жарты жыл ішінде медициналық ұйымдарды көбейту 52,9 пайызға,оның ішінде ФАП 46,9 пайызға, дәрігерлік амбулатория - 46,8 пайызға өсті, - деп облыс әкімдігінен хабарлады.

Ақкөл қаласы, Ақкөл ауданы, Зеренді ауылы мен Зеренді ауданында 250 орындық аудандық емхананың құрылысы жүргізілуде, 70 орындық аурухана Жарқайың ауданының Державинск ауылында салынып жатыр, бұл үшін республикалық бюджеттен 1,2 млрд теңге бөлінді.

Жергілікті бюджеттің қаражатына Аршалы, Целиноград аудандарында 7 медициналық пунктті салу ал, Ақкөл, Аршалы, Атбасар, Бұланды, Еңбекшілдер, Есіл, Жарқайың, Шортанды аудандарында 8 дәрігерлік амбулаторияның құрылысы жүруде.

Сондай-ақ, "ЖҚЖК-2020" бағдарламасы аясында республикалық қаражатқа Бурабай, Целиноград, Шортанды аудандарында 3 дәрігерлік амбулаторияның құрылысы жүруде.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны