25.02.2014, 20:18 5141

Ақмола облысында жүзу бассейні ашылады

Қазіргі таңда ауданда 79 спорттық нысан табысты жұмыс істеуде. Оның ішінде 4 хоккей корты, 46 футбол алаңы, 28 спортзал бар. Қысқы және жазғы спортакиада аясында аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі 25 спорт түрі бойынша жарыстар өткізеді.

Алматы. 25 ақпан. Kazakhstan today. Ағымдағы жылы Ақмола облысының Шортанды ауданында жаңа жүзу бассейні ашылады.

Облыс әкімдігінен хабарлағандай, бассейннің құрылысына бюджеттен 345 млн. теңге бөлінді. Жаңа спорт нысандарының ашылуы спортпен үнемі айналысатын шортандылықтардың көбеюіне байланысты. Бүгінде жеті жарым мыңнан астам жергілікті азамат спортпен шұғылданады.

Қазіргі таңда ауданда 79 спорттық нысан табысты жұмыс істеуде. Оның ішінде 4 хоккей корты, 46 футбол алаңы, 28 спортзал бар. Қысқы және жазғы спортакиада аясында аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі 25 спорт түрі бойынша жарыстар өткізеді. Төртінші жыл қатарынан Шортанды ауылында жыл сайын ұлттық ойындар бәйге және көкпар бойынша ат спорты жарыстары өткізілетін ипподром жұмыс істеуде.

Айта кетерлік жайт, жыл сайын облысты екі ірі спорт нысандарын салу жоспарланады. Мысалы, биыл Шортанды ауданында салынатын бассейннен басқа Жарқа ауданының Бұланды денешынықтыру-сауықтыру кешенінде бассейіннің құрылысы жүргізіледі. Ал, 2019 жылдан бастап әр ауданда типтік спорт кешендері жұмыс істейтін болады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны