01.12.2009, 15:20 2615

Ақмола облысындағы Казгородок ауылында абақтының бақылаушысы өліп жатқан күйінде көшеден табылды

Ақмола облысындағы Казгородок ауылында абақтының бақылаушысы өліп жатқан күйінде көшеден табылды

Көкшетау. 1 желтоқсан. Kazakhstan Today - Ақмола облысындағы Казгородок ауылында ЕЦ 166/24 абақтысының бақылаушысы болған прапорщиктің өлі денесі көшеден табылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today Ақмола облыстық ІІД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, "45 жастағы әскеридің мәйіті Казгородок ауылында аялдаманың жанында жолдың үстінен табылды".

"Абақтының бақылаушысын көлік қағып кеткен деген алдын-ала жорамал бар. Оқиға орнына Ақмола облыстық ІІД-нің жедел тергеу тобы мен Ақмола облыстық Қылмыстық атқару жүйесі комитеті басқармасының қызметкерлері барды", - деп хабарлайды баспаөз қызметі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны