21.06.2017, 16:12 2724

Ақмола облысындағы Қорғалжын қорығы ЭКСПО қонақтарын қабылдауға дайын

Ақмола облысындағы Қорғалжын мемлекеттiк табиғи қорығы ЭКСПО қонақтарын қабылдауға әзiр. Бұл туралы Ақмола облысыныӊ әкімі Мәлік Мырзалинніӊ өӊiрге жұмыс сапары барысында айтылды.

Көкшетау. 21 маусым. Kazakhstan Today - Ақмола облысындағы Қорғалжын мемлекеттiк табиғи қорығы ЭКСПО қонақтарын қабылдауға әзiр. Бұл туралы Ақмола облысыныӊ әкімі Мәлік Мырзалинніӊ өӊiрге жұмыс сапары барысында айтылды.

Қорғалжын ауданына жұмыс сапарын аймақ басшысы Сабынды ауылындағы "МЕТ-777" серiктестiгiнiӊ жылыжай шаруашылығын көруден бастады. Өткен жылы серiктестiк екi жылыжайдан алғашқы қияр мен қызанақ өнiмiн жинап, сатуға шығарған екен. Биыл қосымша жылыжай құрылысын салуды жоспарлап отыр. Серiктестiк директоры Марат Жүнiсовтiӊ айтуынша, 2020 жылға дейiн жалпы қуаты жылына 150 тонна өнiм жинауға жететiн 12 жылыжай салынбақ. Жоба құны 238 миллион теӊгенi құрайды. Қазiргi күнi "Даму" кәсiпкерлiктi дамытудыӊ аймақтық қорымен жобаны несиелендiруге байланысты келiссөз жүргiзiлуде.

Өӊiр басшысы бұдан кейiн "Бакара" ет комбинатында болып, жергiлiктi нарықты ғана емес, Елорданы ет өнiмдерiмен қамтамасыз етiп отырған кәсiпорынныӊ жұмыс жайын көрдi. Серiктестiк басшысы Серiк Рахымбаев өндiрiс жайын жан-жақты айтып бердi. Қазiргi күнi ет комбинаты қырыққа тарта шұжық өнiмдерi мен салқындатылған ет өндiрiсiн жолға қойған. "Халал" технологиясы бойынша жұмыс iстейтiн кәсiпорында германиялық қазiргi заманғы құрылғылар орнатылған. Қорғалжын қорығы ЭКСПО қонақтарын қабылдауға дайын Өткен жылы 3000 тонна өнiм өндiрiптi, ал 2018 жылы толық қуатына шығып, жылына 5000 тонна ет өнiмдерiн өндiретiн болады.

Облыс әкiмi Астананыӊ азық-түлiк белдеуiн жасау бағдарламасын орындауда маӊызды орын алатын кәсiпорын өндiрiс қарқынын үдетiп, көлемiн ұлғайтуға көӊiл бөлуi керектiгiн, облыс әкiмдiгi өз кезегiнде қажеттi қолдау мен көмектi жасайтынын атап көрсеттi. Өӊiр басшысы сондай-ақ, ұлттық ерекшелiктерiмен сәулеттендiрiлген визит орталығында болды. Мұнда қырық адамға шақталған асхана жұмыс iстейдi. Қазақтыӊ оюлы, сәндi киiз үйi тiгiлiп, онда келген қонақтарға ұлттық тағамдар ұсынылады және түнеп шығуларына да мүмкiндiк бар. "Қорғалжын мемлекеттiк қорығы "ЭКСПО-2017" халықаралық көрмесiне келушiлердiӊ туристiк бағытына енгiзiлген. Шетелдiк қонақтарға аймағымыздыӊ қайталанбас табиғи байлықтарын көрсету қажет", - дедi әкiм.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны