22.01.2014, 19:30 4332

Ақмола облысының 50-ден астам жылыжайы өңірдегі медициналық туризмді дамытуға мүмкіндік береді

"Демалыс пен сауықтыру индустриясы саласында медициналық туризмге баса мән берілген. Бұл біздің өңір үшін үлкен маңызға ие. Өйткені аймақ табиғи ресурстарға бай, соның ішінде өзіндік емдік лай мен минералды сулы жерлері бар. Бүгінде Ақмола облысы 50-ден астам емдеу-сауықтыру қызметтерін ұсынады. Сол себепті біздің өңірдің медициналық туризмнің қарқынды дамуына мүмкіндік жеткілікті", - делінген хабарламада.

Алматы. 22 қаңтар. Kazakhstan today. Ақмола облысы қазіргі таңда 50-ден астам емдеу-сауықтыру қызметтерін ұсынады, деп хабарлайды облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.

"Демалыс пен сауықтыру индустриясы саласында медициналық туризмге баса мән берілген. Бұл біздің өңір үшін үлкен маңызға ие. Өйткені аймақ табиғи ресурстарға бай, соның ішінде өзіндік емдік лай мен минералды сулы жерлері бар. Бүгінде Ақмола облысы 50-ден астам емдеу-сауықтыру қызметтерін ұсынады. Сол себепті біздің өңірдің медициналық туризмнің қарқынды дамуына мүмкіндік жеткілікті", - делінген хабарламада.

Сонымен қатар, 2013 жылы Мемлекет басшысының бастамасымен "RixosBurabay" бесжұлдызды қонақ үйі мен оның жанында орналасқан "Қазақстандық Лапландия" ашылды. Бар-жоғы үш айдың ішінде аталмыш нысандарға 14 мың турист барған.

"Туристік сала үшін бұл өте үлкен маңызға ие, өйткені қазіргі туризм бизнесінің 99 пайызын шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері құрайды. Мемлекет басшысының отбасылық бизнесті дамыту туралы айтқаны да есімізде", - делінген хабарламада.

Айта кету керек, Қазақстан халқына Жолдауында аталған тапсырмалардың ішінде шағын және орта бизнесті дамытып, 2050 жылға қарай аталмыш саланың елдің ЖІӨ-нің 50 пайызын құрауы керектігі бәрімізге мәлім.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны