Система Orphus

Ақмола облысыныӊ әкімдігі мен "ҚазАвтоЖол" ҰК жол бойындағы қызмет көрсету сапасын арттыруда бірлесіп жұмыс істеуге келісті

21.09.2017, 15:13 3136

Көкшетау. 21 қыркүйек. Kazakhstan Today - Ақмола облысыныӊ әкiмi Мәлік Мырзалин кеше "ҚазАвтоЖол" ҰК" Басқарма басшысы Е. Қизатовты қабылдап, алдағы туристiк мауысымға дайындық мақсатында жол бойындағы сервистi дамыту бағытында туындаған мәселелердi талқылады.

Кездесуде аймақ басшысы "ҚазАвтоЖол" ҰК" өӊiрде атқарған жұмыстарына оӊ баға берiп, алдағы уақытта жол бойындағы қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында бiрлесiп жұмыс iстеуге дайын екенiн жеткiздi.

"Щучъе-Бурабай курорттық аймағында, облыс орталығыныӊ кiре-берiсiнде, Көкшетау-Зерендi, Көкшетау-Рузаевка бағыттарында жүргiзiп жатқан жөндеу жұмыстарына облыс тұрғындары тарапынан оӊтайлы пiкiрлер түсiп жатыр, бұл жұмыстар әрине аймақтыӊ туристiк әлеуетiн арттыруға септiгiн тигiзетiнi сөзсiз. Ендi, жол бойындағы қызмет сапасын арттыруға ден қою қажет",- дедi М. Мырзалин.

Өз кезегiнде, Е. Қизатов өткен жылдан бастап "ҚазАвтоЖол" ұлттық компаниясы жол бойындағы сервистiк қызмет көрсету сапасын арттыру бағытында бiршама жұмыстар жасалғанын баяндады.

Атап өтейiк, Ақмола облысыныӊ әкiмдiгi мен "ҚазАвтоЖол" ҰК" бiрлесiп, жол бойындағы сервистi дамыту мақсатында Астана-Бурабай трассасы бойында 3 жобаны жүзеге асыруда. Тағы екi жоба Арлашы және Торғай елдi мекендерiнде iске қосылады. Яғни бұл сервистерде тәулiк бойы жұмыс iстейтiн асхана, қонақ үй, автотұрақ болады.

Кездесуде тараптар, келесi туристiк мауысым алдында Ақмола облысы аумағында 9 модульдiк павильон орналастыру туралы өзара келiсiмге келдi. Яғни бұл кешендердiӊ төртеуi Астана-Бурабай трассасы бойында, екеуi Щучъе-Бурабай курорттық аумағында қойылатын болады. Қалғаны, өзге республикалық маӊызы бар трассалар бойында орналастырылады.

Жалпы, облыс әкiмдiгi мен "ҚазАвтоЖол" ҰК" бiрлесiп аймақта жол бойында сервистiк қызмет көрсететiн 22 жобаны жүзеге асыруды көздеп отыр.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

При использовании информации, гиперссылка на информационное агентство Kazakhstan Today обязательна.

Комментарии

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны