20.07.2017, 20:12 4424

Ақмола облысыныӊ әкімі аппарат кеӊесінде жаӊа тағайындаулармен таныстырды

Облыс әкімі кеӊеске қатысушыларды алдымен жаӊа тағайындаулармен таныстырды.

Көкшетау. 20 шілде. Kazakhstan Today - Ақмола облысыныӊ әкімі Мәлік Мырзалинніӊ төрағалығымен өткізілген кезекті аппарат кеӊесінде "Нұрлы жер" тұрғын үй құрылысы бағдарламасыныӊ орындалуы және ұлттық бірыӊғай тестілеудіӊ қорытындылары қаралды.

Облыс әкімі кеӊеске қатысушыларды алдымен жаӊа тағайындаулармен таныстырды.

Қазақстан Республикасы Қаржы министрініӊ міндетін атқарушысыныӊ 17 шілдедегі бұйрығымен Тәукен Темірбекұлы Ошақбаев Ақмола облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментініӊ басшысы болып тағайындалды.

Тәукен Темірбекұлы 1966 жылы туған, білімі жоғары,Алматы халықшаруашылығы институтын экономист, "Қайнар"университетін заӊгер мамандықтары бойынша бітірген. 1992 жылдан 1998 жылға дейін Алматы қаласы Фрунзе ауданы бойынша мемлекеттік салық инспекциясыныӊ бас салық инспекторы,бөлім бастығы лауазымдарын атқарған. 1998- 2015 жылдар аралығында Алматы қаласы,Алматы облысыныӊ Талдықорған қаласы салық қызметтерінде,Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігініӊ Салық комитетінде түрлі жауапты қызметтер атқарды.Жаӊа тағайындауға дейін Алматы облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті басшысыныӊ орынбасары болып қызмет істеді.

Бұдан кейін облыс әкімі 14 шілде күні өз өкімімен тағайындаған Ақмола облысы денсаулық сақтау басқармасыныӊ басшысы Сәуле Дүйсебекқызы Қисықованы таныстырды.

Сәуле Дүйсебекқызы 1963 жылы туған, білімі жоғары, Алматы мемлекеттік медицина институтын дәрігер, Қазақ Ұлттық аграрлық университетін заӊгер және қаржы бакалавры, Алматы менеджмент университетін іскерлік басқару магистрі мамандықтары бойынша бітірген. Медицина ғылымдарыныӊ докторы. 1994 жылдан 2004 жылға дейін Алматы қаласындағы №8 қалалық емханасында учаскелік дәрігер-терапевт, емдеу-профилактикалық бөлімше меӊгерушісі қызметтерін атқарған. 2004-2014 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасы медициналық орталығыныӊ орталық клиникалық ауруханасында жауапты қызметтерде істеді. Жаӊа тағайындауға дейін Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасы медициналық орталығы ауруханасы бас д?рігерініӊ орынбасары болып қызмет атқарды.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны