05.07.2017, 16:51 3041

Ақмола облысыныӊ әкiмi Астана күнiне орай 435 пәтердiӊ кiлтiн тапсыру салтанатына қатысты

Биылғы жылдыӊ басынан берi Көкшетау қаласында 90 мыӊ шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берiлдi. Бұл жылдық жоспардыӊ 70 пайызы. Осы бағыттағы жұмыс алдағы уақытта да жалғаса беретiн болады

Көкшетау. 5 шілде. Kazakhstan Today - Ақмола облысыныӊ әкiмi Мәлiк Мырзалин Астана күнiне орай, Көкшетау қаласыныӊ Сарыарқа шағын ауданындағы жаӊадан салынған тұрғын үй кешенiнде 435 пәтердiӊ кiлтiн тапсыру салтанатына қатысып, қуаныш иелерiн баспаналы болуларымен құттықтады.

Аталған үй мемлекеттiк бағдарлама бойынша салынды. Көпқабатты жаӊа тұрғын үйден баспаналы болғандардыӊ денi жас және көп балалы отбасылар, бюджеттiк сала қызметкерлерi және Тұрғын үй құрылыс жинақ банкiнде үй кезегiнде тұрғандар.

- Елбасы әр Жолдауында халықтыӊ баспана мәселесiн шешу қажеттiгiне ұдайы назар аударып келедi. Осы бағытта қолға алынған мемлекеттiк бағдарламалар облыс аумағында байыптылықпен жүзеге асырылып, көптеген тұрғындар пәтерлi болып, қуанышқа кенелуде. Оған "Нұрлы жол", "Қолжетiмдi баспана-2020", "Өӊiрлердi дамыту-2020" тәрiздi бағдарламалар аясында бүгiнгi жаӊа пәтерлердiӊ баспанаға мұқтаж жандарға берiлуi айқын дәлел. Осы бағытта өткен жылы ауқымды жұмыстар атқарылды. Биыл да сол межеден көрiнетiн боламыз, - дедi облыс әкiмi құттықтау сөзiнде.

Пайдалануға берiлген 435 п?тердiӊ 135-i баспана кезегiнде тұрған азаматтарға берiлдi. Қуаныш иелерiнiӊ арасында пәтер кезегiнде ұзақ уақыт тұрғандар да бар.

- Көптен берi армандап жүрген пәтерiме бүгiн қол жеткiзiп отырмын. Осынау қуанышымды айтып жеткiзу мүмкiн емес. Бюджетттiк салада жұмыс iстедiм. 12 жыл үй кезегiнде тұрдым. Игi iстiӊ басында жүрiп, қуанышымызға ортақтасып жатқан баршаӊызға алғысым шексiз, - дедi жаӊа пәтердiӊ иесi Ырысжан Қожахметова.

Биылғы жылдыӊ басынан берi Көкшетау қаласында 90 мыӊ шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берiлдi. Бұл жылдық жоспардыӊ 70 пайызы. Осы бағыттағы жұмыс алдағы уақытта да жалғаса беретiн болады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны