12.10.2017, 16:42 4899

Ақмола облысыныӊ әкімі азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады

"Нұр Отан" партиясы Ақмола облыстық филиалыныӊ төрағасы, облыс әкімі Мәлік Мырзалин партияныӊ филиалы ғимаратында азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады.

Көкшетау. 12 қазан. Kazakhstan Today - "Нұр Отан" партиясы Ақмола облыстық филиалыныӊ төрағасы, облыс әкімі Мәлік Мырзалин партияныӊ филиалы ғимаратында азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады.

Облыс әкімініӊ қабылдауына келген азаматтардыӊ мәселелері жан-жақты болды. Тұрғындардыӊ бірі мемлекеттік бағдарлама арқылы баспана ала алмай жүргенін айтып, көмек сұраса, енді бірі жолдардыӊ сапасыздығы, мектепке жөндеу жүргізілмей жатқандығын алға тартты.

Мәселен, облыстық қан орталығыныӊ қызметкерлері Марина Гончаренко, Разина Салихова мен Азамат Сағадиев облыс әкімінен пәтер мәселесін шешіп беруді өтінді. Олардыӊ айтуынша, қаншама жылдардан бері медицина қызметкерлеріне мемлекеттен баспана беріліп келе жатқанымен, облыстық қан орталығыныӊ қызметкерлеріне бірде-бір пәтер үлестірілмеген. Облыс басшысы Мәлік Мырзалин бұл азаматтардыӊ уәждерін тыӊдай келе, мемлекеттен берілетін тұрғын үй міндетті түрде кезек бойынша заӊ аясында үлестірілетінін жеткізді. Жыл басынан бері әлеуметтік аз қамтылған отбасыларға 135 пәтер тапсырылса, жыл соӊына дейін "Бәйтерек" бағдарламасы арқылы 45 пәтерлі бес тұрғын үй пайдалануға беріледі деп күтілуде.

- Облысымызда медицина мамандарыныӊ жетіспейтіні рас. Сол себепті, өӊірімізге дәрігерлердіӊ жұмысқа келуі үшін оларды баспанамен қамтамасыз етуіміз қажет. Бүгінде облыста 132 медицина қызметкері тапшы, - дей келе, облыс әкімі Мәлік Мырзалин қазіргі таӊда облыс орталығында Тұрғын үй құрылыс жинақ банкініӊ салымшыларына арнап тұрғын үйлер көптеп салынып жатқанын айтып, Көкшетау қалалық әкімдігіне аталған мәселені шешудіӊ жан-жақты жолдарын қарастыруды тапсырды.

Одан әрі қабылдау онлайн тәртібінде өрбіді. Астрахан, Ерейментау, Есіл аудандарыныӊ тұрғындары облыс әкіміне скайп арқылы сауалдарын жолдап, өтініштерін білдірді. №4 Жалтыр орта мектебініӊ мұғалімі Александр Янченко Астраханка ауылында дене шынықтыру-сауықтыру кешенін салу туралы мәселе көтерді. Құны 279 млн теӊге тұратын бұл жобаны облыс әкімі бірден қолдап, құрылыс келесі жылы басталады деп шешілді. Ал, Еркіншіліктен 40-шы бекетке жеткізетін 42 шақырымдық жолдыӊ күрделі жөндеуді қажет ететінін айтқан ерейментаулық зейнеткер Майдан Бақбергенов "Иуелі аталған жолды жөндеудіӊ жобалық-сметалық құжаттарын әзірлеу қажет" деген жауап алды.

Қабылдауға скайп арқылы қосылған Есіл аудандық білім бөлімініӊ басшысы Нұрлан Саматовтыӊ айтуынша, Красивинка орта мектебі бүгінде күрделі жөндеуді қажет етеді. Білім ошағы 1972 жылдан бері ешбір жөндеу көрмеген. Осы күні мектепте 241 оқушы білім алуда. 2015 жылы білім ошағын жөндеуден өткізу туралы құны 151 миллион теӊге тұратын жобалық-сметалық құжат әзірленген. Облыс әкімі мәселемен толық таныса келе, келесі жылы мектепке жөндеу жұмыстары жүргізілетінін айтты.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны