26.06.2017, 10:31 4379

Ақмола облысыныӊ әкімі бірқатар кадрлық өзгерiспен таныстырды

Бүгiн Ақмола облысыныӊ әкімі М. Мырзалин аппарат кеӊесiнде бiрқатар кадрлық өзгерiспен таныстырды. Облыс әкiмi М. Мырзалиннiӊ 2017 жылғы 19 маусымдағы өкiмiне сәйкес Қазақстан Республикасы Президентi Икiмшiлiгiнiӊ келiсiмiмен Крылов Василий Леонидович Ақмола облысы әкiмiнiӊ өндiрiс салалары бойынша орынбасары болып тағайындалды.

Көкшетау. 19 маусым. Kazakhstan Today - Бүгiн Ақмола облысыныӊ әкімі М. Мырзалин аппарат кеӊесiнде бiрқатар кадрлық өзгерiспен таныстырды.

Облыс әкiмi М. Мырзалиннiӊ 2017 жылғы 19 маусымдағы өкiмiне сәйкес Қазақстан Республикасы Президентi Икiмшiлiгiнiӊ келiсiмiмен Крылов Василий Леонидович Ақмола облысы әкiмiнiӊ өндiрiс салалары бойынша орынбасары болып тағайындалды.

Василий Леонидович, Пермь мемлекеттiк педагогикалық институтын, Қазақ мемлекеттiк басқару академиясыныӊ жанындағы нарық институтын, С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетiн бiтiрген. Экономика ғылымдарыныӊ кандидаты.

2005-2008 жылдары Алматы қаласы, Медеу ауданыныӊ әкiмi, 2008-2014 жылдары Астана қаласы әкiмiнiӊ орынбасары қызметiн атқарған. Тағайындалғанға дейiн Қазақстан Республикасы Президентi Икiмшiлiгiнiӊ мемлекеттiк инспекторы лауазымын атқарды.

Облыс әкiмiнiӊ ағымдағы жылдыӊ 19-маусымындағы өкiмiне сәйкес Қазақстан Республикасы Президентi Икiмшiлiгiнiӊ келiсiмiмен Нұркенов Нұрлан Жаӊбыршыұлы басқа жұмысқа ауысуына байланысты, қызметiнен босатылды.

Облыс әкiмi М. Мырзалиннiӊ 2017 жылғы 19 маусымдағы өкiмiне сәйкес Қазақстан Республикасы Президентi Икiмшiлiгiнiӊ келiсiмiмен Мысырәлiмова Айна Ермекқызы Ақмола облысы әкiмiнiӊ әлеуметтiк мәселелер бойынша орынбасары болып тағайындалды.

Айна Ермекқызы, Қарағанды мемлекеттiк университетiн орыс тiлi және әдебиетi пәнiнiӊ мұғалiмi мамандығы бойынша және Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемелкекеттiк университетiн әлеуметтану мамандығыныӊ бакалавр дәрежесiн алған.

Еӊбек жолын 1983 жылы бастаған. 1994-2005 жылға дейiн жергiлiктi атқарушы органдарда әртүрлi әкiмшiлiк мемлекеттiк қызмет лауазымдарында жұмыс iстедi.

2005-2008 жылдары Ақмола облысы iшкi саясат департаментi директорыныӊ орынбасары қызметiн атқарды. Мұнан кейiн, 2011 жылға дейiн Көкшетау қаласы әкiмiнiӊ орынбасары болып iстедi. 2013-2015 жылдары Аршалы ауданы әкiмiнiӊ орынбасары, 2015 жылы Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясы хатшылығыныӊ меӊгерушiсi болды.

2015 жылдыӊ қарашасынан бастап облыстық iшкi саясат басқармасыныӊ басшысы лауазымын атқарды.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны