26.06.2017, 10:16 7363

Ақмола облысыныӊ әкімі денсаулық сақтау саласыныӊ қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады

Ақмола облысыныӊ әкімі Мәлiк Мырзалин Медицина қызметкерлерi күнiне арналған салтанатты жиында денсаулық сақтау саласыныӊ қызметкерлерiн кәсiби мерекелерiмен құттықтап, жедел медициналық жәрдем стансасына арнайы қондырғылармен жабдықталған 6 автокөлiктiӊ кiлтiн тапсырды және өз iсiнiӊ үздiктерiн марапаттады.

Көкшетау. 16 маусым. Kazakhstan Today - Ақмола облысыныӊ әкімі Мәлiк Мырзалин Медицина қызметкерлерi күнiне арналған салтанатты жиында денсаулық сақтау саласыныӊ қызметкерлерiн кәсiби мерекелерiмен құттықтап, жедел медициналық жәрдем стансасына арнайы қондырғылармен жабдықталған 6 автокөлiктiӊ кiлтiн тапсырды және өз iсiнiӊ үздiктерiн марапаттады.

Жиында аймақ басшысы, "Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев халық денсаулығы - ол Қазақстанныӊ өзiнiӊ стратегиялық мақсаттарына жетудегi табысыныӊ ажырамас құрамдас бөлiгi деп атап көрсеткен болатын.

Кез келген мемлекеттiӊ басты қазынасы - адам, ал, адам байлығы оныӊ денсаулығы. Сондықтан, денсаулық сақтау жүйесiнiӊ басты мақсаты - сапалы және қолжетiмдi медициналық қызмет көрсету, - деп атап өттi.

Өӊiр басшысы Мәлiк Мырзалин аймақтағы медицина қызметкерлерiнiӊ қатарын көбейту үшiн болашақ мамандарды оқыту мәселелерi бойынша жасалып жатқан жұмыстарға тоқталды. Қазiргi таӊда өӊiрiмiздiӊ 200-ден астам жастарына медицина мамандығын меӊгеруi үшiн материалдық қолдау-көмек көрсетiлуде. Сонымен бiрге, аймақ басшысы облыс орталығындағы дәрiгерлердiӊ баспана мәселесiн шешу жайы да қарастырылып жатқандығын атап өттi.

Облыста денсаулық сақтау саласын жаӊғыртуға айтарлықтай зор көӊiл бөлiнiп келедi. Соӊғы жылдары өӊiрiмiзде жаӊа медициналық нысандар iске қосылып, қазiргi заман талабына сай технологиялар игерiлуде, емдеу-алдын алу мекемелерiндегi медициналық құрал-жабдықтар түбегейлi жаӊғыртылуда. Мәселен, соӊғы 7 жылда 1 мыӊнан астам медициналық техника, 150 бiрлiк санитарлық автокөлiк пен реанимобилдер сатып алыныпты. 28 нысанға күрделi жөндеу жұмыстары жүргiзiлген және 33 нысан пайдалануға берiлген. Оныӊ 3-еуi 250 келушiге арналған Ақкөл, Целиноград аудандары мен Көкшетау қаласындағы жаӊа емханалар. Жарқайыӊ ауданында емханасы бар жаӊа аурухана салынды.

Салтанатты шарада медицина саласыныӊ дамуына елеулi үлес қосқан сала мамандарын облыс әкiмi "Алғыс хатпен" марапаттады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны