08.07.2014, 20:29 1771

Ақмола облысының әкімі Степногорск қаласындағы өндіріс ошақтарымен танысты

Ақмола облысының әкімі Сергей Кулагин жұмыс сапары аясында Степногорск қаласындағы өндіріс ошақтарын аралады.

Алматы. 8 шілде. Kazakhstan today. Ақмола облысының әкімі Сергей Кулагин жұмыс сапары аясында Степногорск қаласындағы өндіріс ошақтарын аралады.

"СП SARECO" ЖШС 4,4 млрд теңгенің инвестициялық жобасын жүзеге асыруда. Өндіріс ошағының 2013 жылы 50,6 тонна өнім өндірсе, 2014 жылдың І жарты жылдығында 20 тонна сирек кездесетін металл концентратын өндірді. Айта кетерлік жайт, Сергей Кулагин өндіріс ошағының жоғары қуаттылығын және оның даму болашағын атап өтті, деп облыс әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Бұдан басқа, "Sareco" жанынан сирек кездесетін металлар кластерін "Қазатомпром" АҚ бірлесіп жүзеге асыру көзделген. Инвестициялық жобаның құны 200 млн. доллар және оның аясында 700-ден астам жұмыс орны ашылатын болады.

Сонымен қатар, облыс басшысы ашылуы 2014 жылдың екінші жарты жылдығына жоспарланып отырған күкірт қышқыл зауытында болды. Жобаның жалпы құны 12 млрд 230 млн теңге. Кәсіпкерліктің өнімділігі жылына 180 мың тонна өнімді құрайды.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны