26.11.2017, 12:25 4431

Ақмола облысыныӊ Астрахан ауданына жаӊа әкім тағайындалды

Аймақ басшысы, бұған дейiнгi аудан әкiмi Талғат Ерсейiтов ротациямен Есiл ауданына әкiм болып тағайындалғанын айтып, Нұрлан Сейiлов пен аудан активi алдында бiрқатар мiндет қойды.

Көкшетау. 26 қараша. Kazakhstan Today - Ақмола облысыныӊ әкiмi Мәлiк Мырзалин 23 қарашада ҚР Президентi Икiмшiлiгiнiӊ және жергiлiктi мәслихат депуататтарыныӊ келiсiмiмен Астарахан ауданына жаӊа әкiм Нұрлан Сейiловты тағайындады.

Нұрлан Қазизұлы, 1973 жылы Целиноград облысы, Астрахан ауданында дүниеге келген. Бiлiмi жоғары. Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетiн, Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттiк университетiн бiтiрген.

Еӊбек жолын Сандықтау ауданындағы "Егiн" шаруа қожалығыныӊ басшысы болып бастаған. 2011 жылы Астрахан ауданындағы "Шиликти" ЖШС-де өндiрiс жөнiндегi орынбасары 2014 жылы осы серiктестiктiӊ директоры болған. 2014 жылдыӊ сәуiр айынан бастап Астрахан ауданы әкiмiнiӊ орынбасары лауазымын атқарды.

Аймақ басшысы, бұған дейiнгi аудан әкiмi Талғат Ерсейiтов ротациямен Есiл ауданына әкiм болып тағайындалғанын айтып, Нұрлан Сейiлов пен аудан активi алдында бiрқатар мiндет қойды. Атап айтқанда, ауылшаруашылығы саласында мал шаруашылығын одан әрi дамытуды жүктедi. Мемлекеттiк жеке серiктестiк механизмi арқылы жеке инвестицияларды тартуды, ауданда азық-түлiк бағасын тұрақтандыруды, су тасқыныныӊ алды алу шараларына дайындықты күшейтудi, жылу мауысымын штатты режимде өткiзудi, әлеуметтiк саланы одан әрi дамытуды тапсырды.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны