26.09.2017, 17:39 5104

Ақмола облысыныӊ Бурабай курортында Ботай мәдениеті жаӊғыртылады

Ақмола облысыныӊ әкімі Мәлiк Мырзалин тарих ғалымдарыныӊ докторы, археология профессоры, 20-шы ғасырдыӊ жаӊалығы-Ботай мәдениетiн ашқан Виктор Зайберт және "EQUUS" көркем кинотрилогиясыныӊ продюсерi Нұрбол Баймұхановпен кездестi.

Көкшетау. 26 қыркүйек. Kazakhstan Today - Ақмола облысыныӊ әкімі Мәлiк Мырзалин 23 қыркүйекте тарих ғалымдарыныӊ докторы, археология профессоры, 20-шы ғасырдыӊ жаӊалығы-Ботай мәдениетiн ашқан Виктор Зайберт және "EQUUS" көркем кинотрилогиясыныӊ продюсерi Нұрбол Баймұхановпен кездестi.

Кездесуде "Қазақстанныӊ рухани киелi жерлерi" жобасы шеӊберiнде әрiптестiк мәселелерi талқыланды. Осы орайда, Ақмола облысы әкiмдiгi мен ғалымдар бiрлесiп, Бурабайда Ботай мәдениетiн жаӊғыртуды жоспарлап отыр.

Виктор Зайберттiӊ сөзiнше, бiздiӊ дәуiрiмiзге дейiн 6 мыӊ жылдықта қазiргi Ақмола, Солтүстiк Қазақстан, Павлодар және Қостанай облыстары аумағында үлкен тарихи оқиға орын алған. "Дәл осы жерлерде ат-көлiктiк коммуникация дәуiрi қалыптасып, далалық өркениет бастау алған. Мұныӊ барлығы көне Ботай мәдениетiмен байланысты. Бiздiӊ жобамыздыӊ басты мақсаты да осы - дүние жүзiне елiмiздiӊ тарихын паш ету", - дедi В.Зайберт.

Ботай мәдениетiн жаӊғырту жобасын жүзеге асыруға "EQUUS" көркем кинотрилогиясыныӊ продюсерi Нұрбол Баймұханов та өз үлесiн қосатын болады. Оныӊ айтуынша, ат-көлiктiк коммуникация бойынша адамзат тарихы туралы көркем фильмдi көрген адам сол Ботай мәдениетi мен Бурабай курортына келгiсi келетiнi анық", - дедi продюсер.

Еске сала кетейiк, жақында Ақмола облысында "EQUUS" көркем кинотрилогиясы түсiрiлген болатын. Аталмыш фильмдi болжам бойынша 60 мемлекетте 1 миллиардтан астам адам көредi деп жоспарланып отыр.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны