28.07.2014, 19:52 3422

Ақмола облысының Целиноград ауданында ағымдағы жылы 6 әлеуметтік нысан тұрғызылады

Ағымдағы жылы бұл ауданда 6 әлеуметтік нысан және 2 тұрғын үй пайдаланылуға беріледі. Атап айтар болсақ, Талапкер ауылында мектеп пен балабақша, Қажымұқан ауылында 140 орынға арналған балабақша, Қосшы мен Қараөткел ауылдарында балабақшалар мен мектептер және Ақмол ауылында емхана іске қосылады.

Алматы. 28 шілде. Kazakhstan today. Ақмола облысының Целиноград ауданына жұмыс сапары аясында аймақ басшысы Сергей Кулагин өңірдегі әлеуметтік нысандардың құрылыс жұмасымен танысты, - деп хабарлады "Ақмола Медиа Орталығы".

Ағымдағы жылы бұл ауданда 6 әлеуметтік нысан және 2 тұрғын үй пайдаланылуға беріледі. Атап айтар болсақ, Талапкер ауылында мектеп пен балабақша, Қажымұқан ауылында 140 орынға арналған балабақша, Қосшы мен Қараөткел ауылдарында балабақшалар мен мектептер және Ақмол ауылында емхана іске қосылады.

Бұдан басқа, бүгінде ауданның су құбыры мен кәріз жүйкелеріне күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде және орталық жылу қазандығы салынып жатыр.

С.Кулагин аталмыш нысандар пайдалануға берілмес бұрын олардың аймақтары толығымен абаттандырылсын деп тапсырма берді. "Жасыл желек төселіп, гүлдер мен талдар отырғызылсын", - деді облыс әкімі.

Аудан активімен кездесу барысында өңір басшысы, бұл аймақтардың Астанаға жақын орналасу артықшылығын толығымен пайдалану керек, деп баса айтты.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны