25.09.2017, 15:01 4344

Ақмола облысыныӊ Целиноград ауданында көп функционалды спорт алаӊы пайдалануға берілді

Осы күнi облыс әкiмi "Туған жер" бағдарламасы аясында Ақмол ауылында жаӊадан ашылған көп функционалды "Street Workout" спорт алаӊы мен балалар ойын алаӊыныӊ ашылу салтанатына қатысты.

Көкшетау. 25 қыркүйек. Kazakhstan Today - Ақмола облысыныӊ әкiмi Мәлік Мырзалин 21 қыркүйекте Целиноград ауданына жұмыс сапарымен болып, онда Астана маӊындағы елдi мекендердiӊ әлеуметтiк-экономикалық даму кешендi жоспарына сәйкес атқарылып жатқан жұмыстардыӊ барысын пысықтады.

96 разъезде аймақ басшысы ауыз сумен қамту жобасына шеӊберiнде жүргiзiлiп жатқан жұмыстарды көрдi. Мердiгер компанияныӊ басшысы Д.Ербекеевтыӊ айтуынша, қазiр мұнда ауылiшiлiк 9 шақырым ауыз су құбырын тарту жұмыстары аяқталуға жақын. "Құрылысты биылғы жылдыӊ аяғына дейiн бiтiрудi жоспарлап отырмыз, осы кезде 430 үй орталықтандырылған ауызсумен қамту жүйесiне қосылады",- дедi ол. Облыс әкiмi құрылысты мерзiмiнде аяқтауды тапсырды.

Қажымұқан ауылында М.Мырзалин №4 негiзгi мектепте болды. Бұл жерде ауыл тұрғындарымен кездесiп, олардыӊ елдi -мекенде ауыз су, электржарығымен қамту, жол сияқты қордаланған мәселелерге бағытталған шағымын тыӊдады.

"Мектепте орын алған үш ауысымдық оқу проблемасын мен жақсы бiлемiн. Жалпы облыстаға үш ауысымдық мәселенi шешу мақсатында 2017 жылы жаӊа мектептердiӊ құырылысы басталды. Қажымұқан ауылында бiлiм беру мекемесiнiӊ жобалық сметалық құжаты биыл әзiрленедi, тиiсiнше жаӊа 300 орындық мектептiӊ құрылысы да басталады. Ал сiздер айтқан өзге де мәселелер Астана маӊындағы елдi мекендердiӊ әлеуметтiк-экономикалық даму кешендi жоспарына сәйкес, келер жылдан бастап қолға алынады. Жоспар бар, оған сәйкес жұмыс жүргiзiледi",-дедi аймақ басшысы.

Талапкер ауылында М.Мырзалин жол құрылысыныӊ барысын көрiп, "Ақмол-Нұресiл-Талапкер" бағытындағы автожолдыӊ бойындағы жөндеу жұмыстары мен жаӊадан салынған электржелiсiмен қамтитын нысанда болды.

Осы күнi облыс әкiмi "Туған жер" бағдарламасы аясында Ақмол ауылында жаӊадан ашылған көп функционалды "Street Workout" спорт алаӊы мен балалар ойын алаӊыныӊ ашылу салтанатына қатысты.

"Жаӊадан ашылған бұл нысандар еӊ бiрiншi ауылдағы бұқаралық спортты дамытуға өзiндiк септiгiн тигiзедi және жастардыӊ уақытын тиiмдi өткiзуге ықпал етедi", - деді М. Мырзалин құттықтау сөзiнде.

Аталған нысандар Елбасыныӊ "Болашаққа бағдар: рухани жаӊғыру" мақаласында айтылған бағдарламалық мақсаттары шеӊберiнде "Samruk-Kazyna Trust" корпоративтi қоры мен Парламент депутаттарыныӊ демеушiлiгiмен iске қосылды.

Жалпы Ақмола облысында осындай спорт кешендерiнiӊ жүйесiн арттыру бойынша жұмыстар жүргiзiлуде. Алдағы уақытта аймақ көлемiнде осындай 23 нысан пайдалануға берiледi.

Сапар соӊында М.Мырзалин жұмыртқа салатын ұяшықтар өндiретiн "Экопак Астана" ЖШС зауытында болды. Қалдықсыз өнiм шығаруға бағытталған кәсiпорын макулатураны өӊдеу арқылы өнiм шығарады.

"Бiздiӊ зауыт 2017 жылы қаӊтар айында iске қосылып, осы жылдыӊ қыркүйегiнде ақ толық қуатымен жұмыс iстей бастады. Бiз айына 2,5 млн дана жұмыртқа салатын ұяшықтарды өндiремiз, 50 пайызын оӊтүстiк аймақтарға қалғанын осы жердегi құс фабрикаларына жөнелтемiз. Өндiрiс орынында 22 адам еӊбектенедi, бiр жұмысшыныӊ еӊбек өнiмдiлiгi жылына 40 мыӊ АҚШ долларын құрайды",-дедi өндiрiс орныныӊ қаржы директоры Р.Наурызбаев.

Кәсiпорынныӊ жұмысын облыс әкiмi жоғары бағалады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны