12.01.2007, 12:48 3905

Ақмола облысының Целиноград ауданының әкімшілік орталығы жаңа орынға ауыстырылады - президент жарлығы

АСТАНА. 12-қаңтар. Kazakhstan Today. Ақмола облысының Целиноград ауданының әкімшілік орталығы жаңа орынға орналастырылады. Жарлыққа Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Назарбаев 9-қаңтар күні қол қойды, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі ресми БАҚ сілтеме жасай отырып.

"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы заңының 9-бабына сәйкес ҚР президенті Ақмола облысының Целиноград ауданының әкімшілік орталығы Астана қаласының Көктал кентінен Целиноград ауданының Малиновка ауылдық округінің Малиновка ауылына көшіруге жарлық шығарды.

Сонымен қатар, Қазақстан үкіметіне 2007 жылдың 1 сәуіріне дейін аталмыш жарлықты жүзеге асыруға қатысты қажетті шараларды қабылдау тапсырылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны