03.08.2017, 20:25 4356

Ақмола облысыныӊ өнеркәсіп орындары 2017 жылдыӊ бірінші жартыжылдығында 250,6 млрд теӊгеніӊ өнімін өндірді

Облыс әкімі Мәлік Мырзалинніӊ төрағалығымен өткізілген кезекті әкімдік мәжілісінде Ақмола облысыныӊ 2017 жылдыӊ бірінші жартыжылдығындағы әлеуметтік- экономикалық даму және осы аралықтағы бюджеттіӊ орындалу қорытындылары туралы мәселелер қаралды.

Көкшетау. 3 тамыз. Kazakhstan Today - Облыс әкімі Мәлік Мырзалинніӊ төрағалығымен өткізілген кезекті әкімдік мәжілісінде Ақмола облысыныӊ 2017 жылдыӊ бірінші жартыжылдығындағы әлеуметтік- экономикалық даму және осы аралықтағы бюджеттіӊ орындалу қорытындылары туралы мәселелер қаралды.

Мәжіліске аудандар мен қалалардыӊ әкімдері, облыстық департаменттер мен басқармалардыӊ, ведомстволар мен мекемелердіӊ, ұлттық компаниялар мен кәсіпорындардыӊ басшылары, облыс әкімі аппаратыныӊ жауапты қызметкерлері, бұқаралық ақпарат құралдарыныӊ өкілдері қатысты.

Икімдік мәжілісінде облыс әкімі алдымен жиналғандарға "Есіл" ИӨК ҰҚ" АҚ директорлар кеӊесініӊ үстіміздегі жылдыӊ 17 шілдесіндегі шешімімен "Есіл" ИӨК ҰҚ" АҚ Басқармасыныӊ төрағасы болып тағайындалған Қазбек Сапарбекұлы Ескендіровты және Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігініӊ Көлік комитеті төрағасыныӊ үстіміздегі жылдыӊ 19 шілдесіндегі бұйрығымен Ақмола облысы бойынша көліктікбақылау инспекциясыныӊ басшысы болып тағайындалған Жанболат Камериданұлы Хамитовты таныстырды.

Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша сөз облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы басшысыныӊ міндетін атқарушы Қанат Дүзелбаевқа берілді.

Ол осы орайдағы жағдайды толық баяндап шықты. Облыстық әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары жылдыӊ бірінші жарты жылдығы негізінен оӊ көрсеткіштермен аяқталғандығын айғақтайды.

Ауыл шаруашылығында жалпы өнім көлемі 61,5 миллиард теӊге немесе 102,5 пайызды құрады. Мал мен құстыӊ өсімі байқалды. Өнеркәсіп орындары 250,6 миллиард теӊгеніӊ өнімін өндірді. Жыл аяғына дейін құны 95 миллиард теӊгеніӊ 6 жобасын іске қосу көзделуде. Мұныӊ өзі 969 жаӊа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді. Салынған инвестиция көлемініӊ де өткен жылдыӊ тиісті деӊгейімен салыстырғанда 10,8 пайызға өсе түскендігін атап өту керек. Жергілікті бюджеттіӊ бірінші жартыжылдықтағы кірісі 29 миллиард теӊгеден асты. Сөйтіп, барлық өӊірлер жоспарды орындап шықты.

Бюджеттіӊ орындалуы облыстық қаржы басқармасыныӊ басшысы Талғат Бөлтеновтыӊ баяндамасында кеӊінен қамтылды.

Жалпы, облыс бюджеті биыл 225,9 миллиард теӊгені құрайды. Облыс дотациялық аймақ болып табылады. Бюджет қаржысыныӊ 70 пайыздан астамын субвенциялар, трансферттер мен несие түрінде берілетін республикалық бюджет қаржысы құрайды. Мұндайда бюджеттіӊ әр теӊгесін тиімді жұмсаудыӊ маӊызы өте зор. 2016 жылмен салыстырғанда бюджеттіӊ шығыс бөлігі 25 пайызға артқан. Оныӊ ішінде әлеуметтік қажеттіліктерге 50,5 миллиард теӊге қаржы бөлінген. Облыстық бюджет бойынша 21 басқарма өздеріне бөлінген қаржыны толық игеріп, жақсы нәтижеге қол жеткізді. Алайда, 1 миллиард 355,9 миллион теӊге қаржы игерілмей қалды. Соныӊ ішінде құрылыс басқармасы 622,2 миллион теӊгені, ауыл шаруашылығы басқармасы 652,0 миллион теӊгені игере алмаған. Осындай өӊірлердіӊ қатарында Бурабай, Шортанды, Целиноград және Аршалы аудандары бар.

Баяндамалардан кейін Қорғалжын ауданыныӊ әкімі Қайыр Рыскелдинов, Еӊбекшілдер ауданыныӊ әкімі Асқар Қиықов, Бурабай және Жақсы аудандарыныӊ әкімдері Қанат Қарауылов пен Қанат Сүйіндіков, облыстық құрылыс басқармасыныӊ басшысы Марат Иубәкіровтіӊ есептері тыӊдалды.

Олар қаржыныӊ толық игерілмеуініӊ себептеріне тоқталып, алдағы уақытта жағдайды түзейтіндіктеріне сендірді. Мәжіліс қорытындысы бойынша облыс әкімі нақты міндеттер қойды. Дамудыӊ оӊ жетістіктері бары атап өтіліп, соған қарамастан, жұмыс қарқынын арттыру, қолда бар мүмкіндіктерді кеӊінен пайдалану жағы әлі де жетіспейтіндігі екшеленді.

Жұмыс істеп тұрған өӊдеуші кәсіпорындардыӊ қуатын арттырудыӊ әр аудан бойынша жоспары жасалып, оныӊ орындалуы қатаӊ бақылауда ұсталуы керек. Ауыл шаруашылығы кооперативтері жөнінде де халық арасында түсінік жұмыстарын жүргізу шарт. Кейбір аудандар инвестиция тартуда уақыт талабына ілесе алмауда. Мемлекеттік жекеменшік- әріптестік жұмыстарымен де жете айналыспай болмайды. Мәжілісте тап осындай іргелі міндеттер елді мекендерде жеке кәсіпті дамытып, жұмыс орындарын ашу, қысқы жылу беру маусымына дайындықты бір сәт те естен шығармау, күні бұрын арзандау бағамен отын қорын жасау, жаӊа оқу жылына дайындық, бюджеттіӊ кіріс және шығыс бөліктерін дұрыс орындау тұрғысынан да қойылды. Исіресе, кіріс бойынша олқылықтар бары айтылып, әр әкімге нақты тапсырмалар жүктелетіні атап көрсетілді.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны