28.01.2009, 18:19 2877

Ақмола облысының прокуратура органдары Астана қаласының қала маңы аймағындағы жерлердің берілу заңдылықтарының сақталуына тексеріс жүргізді

Ақмола облысының прокуратура органдары Астана қаласының қала маңы аймағындағы жерлердің берілу заңдылықтарының сақталуына тексеріс жүргізді

Астана. 28 қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Ақмола облысының прокуратура органдары Астана қаласының қала маңы аймағындағы жерлердің берілу заңдылықтарының сақталуына тексеріс жүргізді, деп хабарлайды агенттік тілшісі Бас прокуратураның ресми сайтына сілтеме жасап.

Хабарламаға сәйкес, прокуратура органдарының Астана қаласының қала маңы аймағындағы жерлердің берілу заңдылықтарының сақталуын тексеру нәтижелерінде 7248,4208 га жердің заң бұрмалануы арқылы берілгені анықталды.

Меншік иелері мен жер пайдаланушылардың көптеген жер учаскелерін иемдену немесе жерді пайдалану актілерін алуларына байланысты көрсетілген жерлерді мемлекет меншігіне қайтару үшін сотқа талап - арыз енгізу қажет болды.

Тексеріс барысында барлығы 109 талап - арыз енгізілді, бүгінгі күні облыс соты 981,8054 га жерді қайтару бойынша 97 талап - арызды қарау үстінде, 209 қадағалау актісі енгізілді, оның 69-ы жергілікті атқару органдарының жер учаскелерін беру жөніндегі заңсыз актілеріне наразылықтар, 35-і заң бұзушылықты жою жөніндегі ұсыныстар, 109 талап - арыз, 7 лауазымды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды, бюджетке 18 000 000 теңгеден астам ақша өндіріп алынды.

Сыбайлас жемқорлық сипатындағы құқық бұзушылықтар жасағаны үшін 8 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Прокуратура органдары арқылы Астана қаласының қала маңы аймағы және облыс орталығы бойынша барлығы 428, 6128 га жер мемлекетке қайтарылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны