27.06.2014, 20:49 2741

Ақмола облысының Зеренді ауданында 250 орындық емхана ашылады

Ақмола облысының Зеренді ауданына барған жұмыс сапарында аймақ басшысы Сергей Кулагин бірқатар әлеуметтік нысандарды аралап, жаңа емхана мен 21 пәтерлі үйдің құрылысымен танысты.

Алматы. 27 маусым. Kazakhstan today. Ақмола облысының Зеренді ауданына барған жұмыс сапарында аймақ басшысы Сергей Кулагин бірқатар әлеуметтік нысандарды аралап, жаңа емхана мен 21 пәтерлі үйдің құрылысымен танысты.

Аймақ басшысы бірқатар жергілікті пункттерді аралып, өндіріс кәсіпорындарын аралады, оған қоса әлеуметтік нысандар да назардан тыс қалмады, деп облыс әкімдігінен хабарлады.

Зерендінің аудандық орталығында Сергей Кулагин дене шынықтыру-сауықтыру орталығында болды, балабақша мен №1 орта мектеп, аудандық аурухана, 21 пәтерлі тұрғын үй құрылысы мен 250 орындық емхананың құрылысымен танысты. Жобаның жалпы құны 1462,9 млн теңгені құрайды. Құрылыс 2015 жылы аяқталмақ.

Сапар қорытындысында аудан активінің отырысы өтті.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны