26.11.2017, 12:24 4584

Ақмола облысыныӊ Жарқайыӊ ауданына жаӊа әкім тағайындалды

Ақмола облысыныӊ әкiмi Мәлiк Мырзалин 23 қарашада ҚР Президентi Икiмшiлiгiнiӊ және жергiлiктi мәслихат депуататтарыныӊ келiсiмiмен Жарқайыӊ ауданына жаӊа әкiм Мұрат Балпанды тағайындады.

Көкшетау. 26 қараша. Kazakhstan Today - Ақмола облысыныӊ әкiмi Мәлiк Мырзалин 23 қарашада ҚР Президентi Икiмшiлiгiнiӊ және жергiлiктi мәслихат депуататтарыныӊ келiсiмiмен Жарқайыӊ ауданына жаӊа әкiм Мұрат Балпанды тағайындады.

Мұрат Сағатұлы 1970 жылы Целиноград облысы, Ақкөл ауданында дүниеге келген. Жоғары бiлiмдi. Қарағанды мемлекеттiк техникалық университетiн және Көкшетаудағы Абай Мырзахметов университетiн тәмәмдаған.

Еӊбек жолын 1989 жылы Ақкөл ауданындағы "Хлебороб" совхозында қарапайым жұмысшы болып бастаған. Ақмола облысындағы жергiлiктi атқару органдарында көп жылдық еӊбегi бар.

Ир жылдары Целиноград ауданында аппарат басшысы, Ақкөл ауданы әкiмiнiӊ орынбасары лауазымдарын атқарған. 2012 жылдыӊ сәуiр айынан бастап, 2014 жылдыӊ мауысым айына дейiн Бұланды ауданыныӊ әкiмi қызметiн атқарды. 2015 жылдан күнi бүгiнгi дейiн Ақмола облысы ауылшаруашылығы басқармасыныӊ басшысы қызметiн атқарды.

"Ерен еӊбегi үшiн" және мерейтойлық медальдармен марапатталған.

Аймақ басшысы, жаӊа әкiмдi таныстырып, Мұрат Балпан мен аудан активi алдында бiрқатар мiндет қойды. Атап айтсақ, Мәлiк Мырзалин Жарқайыӊ ауданында ауылшаруашылығы саласын одан әрi дамытуда тереӊ өӊдеуге баса назар аудару қажеттiгiн алға тартты. Ауданда жаӊа өндiрiс орындарын ашып, iшкi инвестиция көлемiн арттыруды жүктедi. Илеуметтiк саланы дамытуға да баса назар аударып, ауданда мемлекеттiк жеке серiктестiк арқылы жаӊа жобаларды жүзеге асыру бойынша нақты тапсырмалар бердi.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны