13.11.2017, 13:49 4140

Ақмола облыстық ауруханасында инсульт орталығы ашылды

Астана қаласына жұмыс сапарымен барған аймақ басшысы Мәлiк Мырзалин аталмыш орталық ашылған №2 Ақмола облыстық ауруханасыныӊ жұмысымен танысты.

Көкшетау. 13 қараша. Kazakhstan Today - Астана қаласындағы №2 Ақмола облыстық ауруханасында инсульт орталығы ашылды.

Астана қаласына жұмыс сапарымен барған аймақ басшысы Мәлiк Мырзалин аталмыш орталық ашылған №2 Ақмола облыстық ауруханасыныӊ жұмысымен танысты.

Орталықты қажеттi медициналық құралдармен жабдықтау үшiн облыстық бюджеттен қаржы бөлiнген. Ағымдағы жылдыӊ 9 айында ауруханаға неврологиялық ауруға шалдыққан 233 науқас түскен. Оныӊ 74 инсультпен ауыратындар. Орталықта Астана маӊындағы Целиноград, Астрахань, Аршалы, Ерейментау, Егiндiкөл, Қорғалжын және Шортанды аудандарыныӊ тұрғындары емделед.

15 орынға арналған орталықтыӊ қажеттi диагностикалық жабдығы, соныӊ iшiнде дәрiгерлердiӊ инсульттыӊ түрiн және емдеу тәсiлiн анықтай алуына көмектесетiн компьютерлiк томограф бар. Орталықта жұмыс iстеу үшiн анестезиолог-реаниматолог, невропатолог, терапевт, сәулелiк және функционалдық диагностика, физиотерапия және емдiк дене тәрбиесi дәрiгерлерi оқытудан өттi. Емделушiлердi оӊалту үшiн құрамында емдiк дене тәрбиесi, логопед, психолог дәрiгер және нұсқаушы бар ерекше көпсалалы бригада құрылған.

Жаӊа орталықтыӊ ашылуына орай емделушiлер шұғыл түрде қажеттi көмек ала алады. Науқастарды қалыпқа келтiру де орталықтағы маӊызды фактор болады, оны ауру басталғаннан кейiн үшiншi, бесiншi күн аралығында өткiзедi. Бүгiн Орталық бiрiншi емделушiлерiн қабылдауда.

Айта кетейiк, облыста ашылып отырған 3-шi инсульт орталығы. Осындай орталық Көкшетаудағы Ақмола облыстық ауруханасы және Степногор қаласыныӊ орталық ауруханасында жұмыс iстейдi. Оған қоса, жыл соӊына дейiн Атбасар қаласында ашу жоспарланған.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны