03.02.2017, 23:18 6408

Ақорда Мемлекет басшысыныӊ кадрлық өзгерістерге қатысты мәлімдемесін жария етті

Екіншіден, Тасмағамбетовтыӊ қалауы солай болды. Ойы мен тілегін ескеріп, екі жағынан да сай келетін болғандықтан, оны сол қызметке тағайындадым.

Астана. 3 ақпан. Kazakhstan Today - Мемлекет басшысы Үкіметтіӊ кеӊейтілген отырысыныӊ қорытындысына және кадрлық өзгерістерге қатысты мәлімдеме,- деп хабарлайды Ақорда. Мәлімдемеде былай делінген:

"Бүгін Үкіметтіӊ кеӊейтілген өте маӊызды жиыны өтті. Оған әкімдер де қатысты. Үкімет мүшелерініӊ сөзінде де, меніӊ қорытынды сөзімде де 2016 жылдыӊ қорытындысы жасалып, барлық жағдай егжей-тегжейлі талқыланды.

Жылдыӊ басынан бері жасалып жатқан шаруалар баршаға белгілі.

Екі үлкен мәселе бар. Біріншісі - саяси реформалар: Конституцияға өзгерістер енгізу. Екіншісі - "Қазақстанныӊ үшінші жаӊғыруы" атты жолдау.

Осыған байланысты хабардар етейін дегенім - кадр мәселесі бойынша біраз өзгерістер жасадық.

"Бәйтерек" ұжымында жасалған тексеріс қорытындысы бойынша Ұлттық экономика министрі Бишімбаев қызметтен босатылды. Оныӊ орнына Тимур Сүлейменов министр болып тағайындалды. Ол - сауатты, тәжірибесі мол азамат, Мәскеуде жұмыс істеп келді. Алдында сол министрлікте орынбасар болған. Дайындығы жақсы деп, оған сенім артамыз.

Екіншіден, екі министрлікті бөліп, Денсаулық сақтау министрлігін жеке құрған себебіміз - бұл саладағы сақтандыру мәселесіне байланысты көп жұмыс бар. Халыққа соны түсіндіріп, іске асыру керек. Себебі, бұл - халыққа және денсаулық сақтау жүйесіне өте қажет мәселе. Америкада оқып келіп, Назарбаев Университетінде жұмыс істеген Елжан Біртанов министр қызметіне тағайындалды. Ол сол министрлікте орынбасар болған. Жұмысты атқара алады деп сенемін.

Үшіншіден, Қазақстанныӊ Ресейдегі елшісін тағайындадым. Ол - Иманғали Тасмағамбетов. Біріншіден, Ресей - біз үшін көрші әрі әріптес, экономика мен саяси тұрғыдан өте жақын мемлекет. Ол жерге өте беделді, тәжірибелі, салмақты, Қазақстан мен Ресей арасындағы жағдайды білетін тұлға қажет болғаннан кейін осындай шешім қабылдадым. Екіншіден, Тасмағамбетовтыӊ қалауы солай болды. Ойы мен тілегін ескеріп, екі жағынан да сай келетін болғандықтан, оны сол қызметке тағайындадым.

Премьер-Министр орынбасарларыныӊ аз болғаны жөн, министрлер өз шаруасын атқаруы керек. Ешкімге сілтемей, ешкімге сүйенбей, берген мәселені шешіп, өздері жауап беруі керек. Міне, мен осы мәселелер жөнінде айтайын деген едім".

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны