12.10.2016, 15:58 4163

Ақорда Мемлекет басшысыныӊ жұмыс кестесіне қатысты түсініктеме берді

Осы аптаныӊ соӊына дейін Мемлекет басшысыныӊ халықаралық шараларға қатысуы жоспарланып отырған жоқ, деп мәлімдеді Президенттіӊ Баспасөз хатшысы Айдос Үкібай.

Астана. 12 қазан. Kazakhstan Today - Осы аптаныӊ соӊына дейін Мемлекет басшысыныӊ халықаралық шараларға қатысуы жоспарланып отырған жоқ, деп мәлімдеді Президенттіӊ Баспасөз хатшысы Айдос Үкібай.

Президенттіӊ Баспасөз хатшысыныӊ ақпаратына сәйкес, "Нұрсұлтан Назарбаев салқын тиіп, сырқаттануына байланысты емделуде. Жалпы, денсаулығына қатысты ешқандай алаӊдаушылық жоқ".

Айдос Үкібайдыӊ айтуынша, "Жұмыс кестесіне бірқатар өзгерістер енгізілді. Осы аптаныӊ соӊына дейін Мемлекет басшысыныӊ халықаралық шараларға қатысуы жоспарланып отырған жоқ. Еревандағы ҰҚШҰ отырысына Қазақстан Республикасыныӊ Премьер-Министрі қатысады".

"Президенттіӊ жұмысы одан әрі әдеттегі кестеге сай жалғасатын болады",- делінген Ақорданыӊ Facebook парақшасында жарияланған хабарламада.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны