24.07.2012, 15:40 3115

Ақорда сайтында Назарбаевтің дербес парақшасы ашылады

ҚР президентінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, 2012 жылдың 25 шілдесінен бастап Мемлекет басшысының www.akorda.kz ресми сайтының жаңарған нұсқасы ашылады.

Астана. 24-шілде. Kazakhstan Today - Ақорда сайтында Назарбаевтің дербес парақшасы ашылады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚР президентінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, 2012 жылдың 25 шілдесінен бастап Мемлекет басшысының www.akorda.kz ресми сайтының жаңарған нұсқасы ашылады.

Енді порталда Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайтымен қатар, жаңа ресурс - Нұрсұлтан Назарбаевтың дербес парақшасы да болмақ.

Жаңарған портал қарапайым да ыңғайлы интерфейске ие. Сайтта қазіргі мультимедиалық технологиялар қолданылған. Мысалы, Қазақстан, Астана, Ақорда резиденциясы бойынша бейнетурлар, Елбасы қатысуымен өткен өзекті шаралардың бейнерепортаждары берілген.

Дербес парақшада Қазақстанның Тұңғыш Президентінің тұлғасына қатысты ерекше фотосуреттер, аудио және бейнематериалдар, мақалалар мен кітаптар жиынтығы орналастырылған. Бұл парақшадан Елбасының бейнесұхбаттарын және оның қызметі туралы деректі фильмдерді де көруге болады.

Нашар көретін адамдар үшін ресми сайттың арнайы нұсқасы жасалған. Сондай-ақ, ресурсты кез келген қалта телефоны мен Android және iOS сияқты танымал операциялық жүйелер негізінде жұмыс істейтін планшет арқылы да пайдалануға болады.

Порталда Қазақстан Президенті Баспасөз қызметінің твиттер-каналының (twitter.com/AkordaPress) арнайы қызметі де іске асырылмақ. Ол Мемлекет басшысының маңызды іс-әрекеттері мен шешімдері жайлы шұғыл хабарлап отыруға мүмкіндік береді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны