27.05.2014, 23:00 3299

Ақордада "А" корпусының кадр резервіне іріктеудің қорытындысы шығарылды

Бүгін Астанада Президент Икімшілігінің Басшысы Нұрлан Нығматуллиннің төрағалығымен Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Кадр саясаты жөніндегі ұлттық комиссияның отырысы өтті, деп Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Алматы. 27 мамыр. Kazakhstan today. Бүгін Астанада Президент Икімшілігінің Басшысы Нұрлан Нығматуллиннің төрағалығымен Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Кадр саясаты жөніндегі ұлттық комиссияның отырысы өтті, деп Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Ұлттық комиссияның отырысында мемлекеттік қызметтің "А" корпусының кадр резервіне іріктеудің қорытындысы шығарылды.

Іріктеуге қатысу үшін барлығы 1029 өтініш беріліп, тестілеу рәсімінен кейін 365 үміткер әңгімелесуге жіберілді.

Иңгімелесу қорытындысы бойынша Ұлттық комиссия 149 кандидатты резервке алуға ұсынды.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны