02.04.2014, 20:41 3107

Ақордада Қазақстан халқы Ассамблеясының XХI сессиясына дайындық мәселесі талқыланды

Бүгін Ақордада Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Ералы Тоғжановпен кездесті.

Алматы. 2 сәуір. Kazakhstan today. Бүгін Ақордада Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Ералы Тоғжановпен кездесті.

Ақорданың баспасөз қызметінде хабарлағандай, кездесу барысында Қазақстан халқы Ассамблеясының XXI сессиясына дайындық мәселелері талқыланды.

Е.Тоғжанов сессия жұмысына еліміздің барлық өңірінен 406 делегат, соның ішінде Ассамблея мүшелері, республикалық және өңірлік этномәдени бірлестіктердің төрағалары қатысатынын баяндады. Сондай-ақ Парламент депутаттары, мемлекеттік органдар, саяси партиялар, діни бірлестіктер, үкіметтік емес ұйымдар басшылары, шет мемлекеттер дипломатиялық миссиялары, ғылыми және шығармашылық интеллигенция, бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері қатысады.

Бұған қоса, Төрағаның орынбасары өңірлік Достық үйлерін дамытудың тұжырымдамасын әзірлеу және Ассамблеяның құрылуының 20 жылдық мерейтойына дайындық барысы туралы хабарлады.

Қазақстан халқы Ассамблеясының XXI сессиясы "Қазақстан - 2050" стратегиясы: бейбітшілік, руханият және келісім мәдениеті" тақырыбымен 2014 жылғы 18 сәуір күні Астана қаласында өтеді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны