25.06.2014, 22:15 2906

Ақордада Мемлекеттік рәміздер жөніндегі республикалық комиссияның отырысы өтті

Оның барысында Қазақстан Республикасының қаржы, экономика және бюджеттік жоспарлау министрлерінің есептері қаралды. Сондай-ақ Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарының әкімдіктері мемлекеттік рәміздерді пайдалану жөніндегі өз жұмыстары туралы есеп берді.

Алматы. 25 маусым. Kazakhstan today. Бүгін Ақордада Мемлекеттік рәміздер жөніндегі республикалық комиссияның отырысы өтті, деп Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Оның барысында Қазақстан Республикасының қаржы, экономика және бюджеттік жоспарлау министрлерінің есептері қаралды.

Сондай-ақ Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарының әкімдіктері мемлекеттік рәміздерді пайдалану жөніндегі өз жұмыстары туралы есеп берді.

Талқылау қорытындысы бойынша тиісті ұсынымдар мен нақты тапсырмалар берілді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны