03.02.2014, 21:27 4689

Ақордада Н.Назарбаев дипломатиялық миссиялар басшылары мен халықаралық ұйым өкілдерімен кездеседi

"Кездесуде Президент дипломатиялық корпус алдында сөз сөйлеп, биылғы Қазақстан халқына Жолдауының басты бағыттары мен жақында бекiтiлген Қазақстан сыртқы саясатының 2014-2020 жылдарға арналған тұжырымдамасы аясында басты сыртқы саяси басымдылыққа тоқталып өтедi деп күтiлуде", - дедi А.Ибибуллаев.

Алматы. 3 ақпан. Kazakhstan today. 5 ақпан күні Ақордада Президент Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанда тiркелген шетелдiк дипломатиялық миссиялар мен халықаралық ұйым өкiлдiктері басшыларымен кездеседi. Бұл туралы ҚР Президентi жанындағы ОКҚ-нің ресми өкiлi Алтай Ибибуллаев осылай мәлім етті.

"Кездесуде Президент дипломатиялық корпус алдында сөз сөйлеп, биылғы Қазақстан халқына Жолдауының басты бағыттары мен жақында бекiтiлген Қазақстан сыртқы саясатының 2014-2020 жылдарға арналған тұжырымдамасы аясында басты сыртқы саяси басымдылыққа тоқталып өтедi деп күтiлуде", - дедi А.Ибибуллаев.

Сондай-ақ, бүгін Нидерланды Королдігінің Сыртқы істер министрі Франс Тиммерманстың Қазақстанға ресми сапары басталды.

Сапар барысында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевпен , ҚР Парламенті Сенатының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевпен, Премьер-Министр Серік Ахметовпен, Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысовпен кездесу жоспарланып отыр.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны