11.04.2014, 20:03 6001

Ақордада Н.Назарбаевтың төрағалығымен Ұлттық инвесторлар кеңесі өтуде

"Егер азамат 5, 10, 50 адам қоластында жұмыс істейтін кәсіп ашатын болса және олардың саны да күн санап артып келсе адамдардың барлығы жұмыспен қамтылатын болады. Яғни осының өзі оралымды өндіріс болмақ және ол бәсекелестік жағдайда өзін-өзі сақтап қала алады", - деп мемлекет басшысы түсіндіріп өтті.

Алматы. 11 сәуір. Kazakhstan today. Астанада Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен Ұлттық инвесторлар кеңесі өтуде. Келелі кеңес барысында отандық кәсіпкерлікті дамытудағы маңызды мәселелер талқыланатын болады.

"Енді ұлттық инвесторлар туралы айтсақ болады, яғни сіздер туралы. Сіздерді тәуелсіздік жылдары ішінде мемлекет өсірді. Сіздердің тәжірибелеріңіз аз болды, қателестіңіздер, сүріндіңіздер. Ал, бүгінде біз барлығын өзіміз жасай алатындай жағдайға жеттік. Мемлекеттің сіздерге көмектесе алатын мүмкіндігі бар, ал сіздер мемлекетті көтере бастасаңыздар болады. Мемлекетіміздің 2050 жылға дейінгі Даму стратегиясында және еліміздің әлемнің дамыған 30 мемлекетінің қатарына кіруі үшін шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту бірінші мәселе болып тұр. Қазіргі таңда дәл шағын және орта бизнес көбірек толғандырады", - деді Н. Назарбаев.

"Егер азамат 5, 10, 50 адам қоластында жұмыс істейтін кәсіп ашатын болса және олардың саны да күн санап артып келсе адамдардың барлығы жұмыспен қамтылатын болады. Яғни осының өзі оралымды өндіріс болмақ және ол бәсекелестік жағдайда өзін-өзі сақтап қала алады", - деп мемлекет басшысы түсіндіріп өтті.

Сонымен қатар оның айтуынша, ықпалдастық мәселесі туындайды, себебі, бізге шикізат тауарын сататын орын бар алайда өңделген өнімді саудалау үшін жаңа нарықты ашу керек.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны