25.06.2013, 10:43 2332

Ақордада Президент Икімшілігінің Басшысы Кәрім Мәсімовтің төрағалығымен Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Кадр саясаты жөніндегі ұлттық комиссияның отырысы өтті

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасына сәйкес мемлекеттік қызметтің "А" корпусына кадрлық резерв жасақтау жұмысы жүргізілді.

Астана. 25-маусым. Kazakhstan Today - Ақордада Президент Икімшілігінің Басшысы Кәрім Мәсімовтің төрағалығымен Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Кадр саясаты жөніндегі ұлттық комиссияның отырысы өтті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасына сәйкес мемлекеттік қызметтің "А" корпусына кадрлық резерв жасақтау жұмысы жүргізілді.

Ұлттық комиссияның отырысында осы жұмыстардың қорытындысы шығарылды.

2013 жылғы 4 - 21 маусым аралығында Комиссияның 14 отырысы өтті, оның барысында тестілеу кезеңінен өткен 1121 үміткердің әрқайсысымен әңгімелесу жүргізілді. Нәтижесінде Комиссия 940 кандидатты "А" корпусының кадрлық резервіне алуды ұсынды. Бұл ретте тестілеу қорытындылары, қалалар мен аудандардың даму рейтингілері, мемлекеттік органдар тиімділігін бағалау, сондай-ақ құқық қорғау органдарының мәліметтері ескерілді.

Кадрлық резевке іріктеуге қатысу үшін барлығы 2024 адамнан өтініш түсті.

Кадрлық резерв құрамын Президент мақұлдады және Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің интернет-ресурсында жарияланды.

Осы орайда, Мемлекет басшысының "Қазақстан - 2050 Стратегиясы - қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты" Жолдауына сәйкес, қатаң іріктеу негізінде мемлекеттік саясаттың нақты бағыттарын іске асыруға жауапты кәсіби басқарушылардың принципті жаңа тобы - "А" корпусы жасақталды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны