14.02.2017, 20:22 4927

Ақпарат және коммуникациялар министрі Біріккен Араб Имірліктерінде екіжақты кездесулер өткізді

Кездесу барысында Дәурен Абаев цифрландыру саласындағы тәжірибемен, "Цифрлық Қазақстан" бағдарламасымен бөлісіп, Smart-city дамыту шеӊберінде Астана хабын құру туралы айтып берді.

Астана. 14 ақпан. Kazakhstan Today - Қазақстан Республикасыныӊ Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев Дубайда The World Government Summit-тіӊ өткізілуі шеӊберінде Біріккен Араб Имірліктері Экономика министрі Султан ибн Саид аль-Мансури мырзамен кездесу өткізді,- деп хабарлайды Қазақстан Республикасыныӊ Ақпарат және коммуникациялар министрлігі.
Кездесу барысында Дәурен Абаев цифрландыру саласындағы тәжірибемен, "Цифрлық Қазақстан" бағдарламасымен бөлісіп, Smart-city дамыту шеӊберінде Астана хабын құру туралы айтып берді. Тараптар цифрлық трансформацияны ілгерілетуге және дамытуға бағытталған IT және жоғары технологиялар саласында өзара ынтымақтастық туралы келісті.

Бұдан басқа, Дәурен Абаев БАИ Бақыт министрі Охуд Аль-Румимен кездесті. Тараптар халыққа мемлекеттік қызметтер көрсету, ұсынылатын рәсімдерді жеӊілдету процесін жаӊғырту саласындағы, сондай-ақ мемлекеттік қызметтер саласындағы менеджмент мәселелері бойынша екіжақты ынтымақтастық және ілгерілету мәселелерін талқылады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны